Түркия ресейлік мұнайдан бас тартып, Қазақстанды таңдады

645

Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.  

Түркия ресейлік мұнайдан бас тартып, Қазақстанды таңдады Фото: rt.com

Қытайдың ізінше Түркия да Ресей мұнайын сатып алуды күрт азайтты. Оның орнына Қазақстан мұнайын импорттауға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Reuters агенттігінің мәліметінше, қараша айында Түркия ресейлік Urals маркалы мұнай импортының көлемін күрт азайтып, оның орнын Қазақстан мен Ирак мұнайымен толтыра бастады. Бұған басты себеп  ресейлік ірі мұнай компаниялар "Роснефть" пен "Лукойлға" салынған санкциялар.

Қарашада Түркияға жеткізілетін Urals көлемі қазанмен салыстырғанда тәулігіне шамамен 100 мың баррельге азайған. Яғни, импорт үштен бір бөлікке қысқарған.

2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Түркия Еуропаның орнын басып, ресейлік мұнайдың негізгі тұтынушыларының біріне айналды. Алайда санкциялардың күшеюі Анкарадағы мұнай өңдеу зауыттарына да әсер ете бастады.

Ал, 2026 жылдың қаңтарынан бастап ЕО ресейлік шикізаттан жасалған мұнай өнімдерін қабылдауға тыйым енгізбек.

Түркия үшін Қазақстаннан экспортталатын өнім – Ресей мұнайына балама. Химиялық құрамы ұқсас болғандықтан, оны ешқандай қиындықсыз алмастыруға болады. Сол себепті бауырлас ел қазақстандық шикізатқа сұранысты арттырды.

– Urals жеткізілімі азайған сәтте Түркия шикізат импортының басқа түрлерін көбейтті. Соның ішінде Қазақстанда өндірілетін CPC Blend және Қатар өндіретін KEBCO маркалы мұнай бар. Қараша айында Қазақстаннан CPC Blend импорты тәулігіне 105 000 баррельге жетті, бұл 2024 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары деңгей, – деп жазды Reuters.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу