Түркия украиналық астық тиелген "Жібек Жолы" кемесін ұстады

1832

"Жібек Жолы" кемесі қазақстандық KTZ Express Shipping компаниясына тиесілі, алайда кемені Санкт-Петербургте орналасқан ресейлік Green Line ЖШҚ жалға алған.

Түркия украиналық астық тиелген "Жібек Жолы" кемесін ұстады

Түркия кеденшілері Карасу қаласының портында ресейлік әскерилер бақылау орнатқан Бердянскіден 4,5-7 мың тоннадай астық тиеп алған қазақстандық компанияға тиесілі "Жібек Жолы" кемесін ұстады.

Бұл туралы Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Бондар мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Түркия Республикасының билік органдарымен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Қабылданған шешімдер Украина егемендігін бұзу әрекеттерінің алдын алады деп ойлаймын", – деді дипломат.

"Жібек Жолы" кемесі қазақстандық KTZ Express Shipping компаниясына тиесілі, алайда кемені Санкт-Петербургте орналасқан ресейлік Green Line ЖШҚ жалға алған, сондықтан оған Ресей туы орнатылған. Бұл кемені ұстауды Украина Түркиядан сұраған. Василий Бондар Киевтің Түркиядан кемеге қатысты "шаралар қабылдауды" сұрағанын растады.

"Бас прокуратураның хаты негізінде түрік тарапын шұғыл шаралар қабылдауға шақырдық", – деп жазды ол Facebook-тағы парақшасында.

Түркияның Сыртқы істер министрлігіне жолдаған хатында Украинаның Бас прокуратурасы кеменің "украиналық астықты Түркияның Карасуына заңсыз экспорттауға" қатысы бар екенін мәлімдеген.

Ресей Бердянск қаласына Украинаға қарсы әскери әрекеті кезінде өз бақылауын орнатты. 24 ақпаннан бері Ресей әскері Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі аумақтың бір бөлігін басып алып, Украина порттарын жауып, бидай мен басқа да дақылдардың экспорттын шектеп тастады. Батыс елдері "Ресейдің бұл әрекетінің кесірінен әлемнің бірқатар бөлігінде аштық жайлайды" деп, "Мәскеу аштықты соғыс құралы ретінде пайдалануда" деп айыптады. 

1 шілдеде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (оның KTZ Express деп аталатын еншілес компаниясына "Жібек жолы" кемесі тиесілі) кеме өткен жылы бербоут-чартер шарты бойынша ресейлік Green Line компаниясына берілгенін және эстондық Mangelbert OU компаниясымен арадағы келісімшарт бойынша бидай тасымалданғанын мәлімдеді. 

"KTZ Express" осы тасымалға қатысы барлармен, сондай-ақ дипломатиялық миссия өкілдерімен консультациялар өткізуде. "KTZ Express" АҚ қазіргі санкциялық шектеулердің қатаң сақталуын қолдайды", – деп жазылған ұлттық компанияның хабарламасында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться