Түркияның 41 жылдық қарсыласы ақыры тізе бүкті

Күрдістанның жұмысшы партиясы бұл іс-әрекетінің күллі адамзатқа пайдасын тигізетініне сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркияның 41 жылдық қарсыласы ақыры тізе бүкті Фото: inbusiness.kz

Олар Солтүстік Ирактағы рәсім кезінде өз еркімен қаруын тастаған.

Мұндай ақпаратты Түркияның Halk TV және күрдтердің Rudaw арнасы хабарлап отыр. 

Еске салайық, Күрдістанның жұмысшы партиясына Түркияда тыйым салынған. 

– Біз мұнда Күрдістанның жұмысшы партиясының көшбасшысы Абдулла Оджаланның 2025 жылдың 19 маусымындағы үндеуіне орай келдік. Сондай-ақ, біздің келуімізге КЖП-ның 5-7 мамырда өткен 12-ші Съезінің шешімі де негіз болды. Біз бүгін қаруды өз еркімізбен жойып отырмыз. Біздің бұл қадамымыз халқымызға, әсіресе әйелдер мен жастарға, Түркия мен Таяу Шығыс халқына, жалпы адамзатқа пайдасын тигізеді деген үміттеміз, – деп мысал келтірді қос телеарна партияның мәлімдемесін. 

Сонымен қатар, КПЖ өңірлік және әлемдік державаларды халқының заңды, демократиялық құқығын сыйлауға және бейбіт, демократиялық реттеу процесін қолдауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу