Тұрмыстық газ баллондары 2027 жылдың наурызынан бастап таңбаланады

854

Құжат жария талқылауға ұсынылды.

Тұрмыстық газ баллондары 2027 жылдың наурызынан бастап таңбаланады Фото: ЖИ

Энергетика министрлігі "Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйылтылған мұнай газын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының құнының шекті мөлшерін айқындау туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

"Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газының айналымын цифрлық қадағалауды қамтамасыз ету үшін мемлекет, бизнес және халық мүдделерінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік беретін деңгейде сәйкестендіру құралының (таңбалау кодының) құнының шекті мөлшерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан бекіту, сондай-ақ экономикалық жағдайлар жасау көзделген. Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйылтылған мұнай газын таңбалауды 2027 жылғы 1 наурыздан бастап енгізу жоспарланып отыр", – делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жобасын көпшілік талқылау 18 қарашаға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу