Путинге жолданған хатта Мелания Трамп әрбір баланың арманы мен үмітіне назар аударуға шақырған.
"Әрбір бала, қай жерде дүниеге келсе де – ауылда болсын, үлкен қалада болсын – жүрегінде тыныш арман, махаббат, мүмкіндік пен қауіпсіздікке деген үміт сақтайды. Ата-аналар сол үмітті қолдауға міндетті. Ал көшбасшылардың міндеті – жеке жайлылықтан да биік тұратын, болашақ ұрпақтың амандығына жауап беру", – делінген хатта.
Fox News Digital мәліметінше, Мелания Трамп сонымен қатар Путинге балалардың өмірін қорғаудың бүкіл адамзат алдындағы жауапкершілік екенін еске салған.
"Сіз балалардың күлкісін қайтара аласыз. Бұл арқылы тек Ресейге ғана емес, бүкіл адамзатқа қызмет еткен боласыз. Мұндай батыл шешімге шекара жоқ. Және дәл сіз, мырза Путин, оны қаламның бір ғана қозғалысымен жүзеге асыра аласыз. Уақыт келді", – деп жазды ол.
Бұл қадам халықаралық деңгейде ерекше назар аудартты. Себебі 2023 жылы Халықаралық қылмыстық сот Ресей басшысын Украинадағы балаларды күштеп әкеткені үшін айыптап, оған тұтқындау ордерін шығарған болатын.
Мелания Трамптың бұл хаты алғаш рет Fox News Digital-ге жолданған, кейінірек оны Дональд Трамптың одақтастары, соның ішінде АҚШ-тың бұрынғы Бас прокуроры Пэм Бонди жария етті.