UEFA мен FIFA тағы бір елді футболдан шеттетуі мүмкін

Бұл шешім келесі аптада нақтыланады.  

UEFA мен FIFA тағы бір елді футболдан шеттетуі мүмкін Фото: matchtv.ru

The Times басылымының жазуынша, УЕФА Атқару комитеті мүшелерінің көбі мұны қолдауға дайын отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 қыркүйек күні БҰҰ-ның тәуелсіз комиссиясы Газа секторындағы палестиналықтарға Израильдің геноцид жасап жатқанын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, 2022 жылы УЕФА мен ФИФА Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Ресейдің барлық жарысқа қатысуын тоқтатқан-ды. Сол себепті, бұл – практикада бар жайт. Егер атқарушы комитет Израильді шеттету туралы шешім қабылдаса, елдің клубтары еурокубокқа қатыса алмайды. Ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу жарыстарында бой көрсетпейді. 

Десе де, Израильдің мүшелігіне қатысты талқылаулардың жүргізіліп жатқаны ресми айтылмаған. УЕФА президенті спортшыларды саяси себеппен шеттетуге қарсы. 

– Ресейді шеттету шешімі қатты саяси қысымның әсерімен қабылданған. Ал Газаға қатысты жағдайда УЕФА-ға қысым саясаткерлер тарапынан емес, азаматтық қоғам тарапынан жасалып жатыр, – деді Чеферин. 

Азаматтық қоғам деңгейінде Израильді халықаралық спорттан аластау жөніндегі үндеу бұрыннан бері айтылды. Мысалы, стадиондарда "Израильге қызыл қағаз көрсет!" деген баннерлер ілінсе, жақында "Манчестер Юнайтедтің" аңыз футболшысы Эрик Кантона израильдік ойыншыларға бойкот жасауды ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу