UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды

Ұйым 2028 жылы ұйымдастырылатын Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне жеребе тарту тәртібін бекітті.

UEFA Ресейді футболдан Еуропа чемпионатына қатыстырмайтын болды Фото: Виталий Тимкив/РИА Новости

Құжатта турнирге қатысатын 54 ұлттық құраманың тізімі көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бірақ, олардың арасында Ресей құрамасы жоқ.

Жеребе тарту рәсімі 6 желтоқсанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтеді. Ал іріктеу ойындары келесі жылдың наурыз айында басталмақ. Ресей құрамасы УЕФА мен ФИФА енгізген санкцияларға байланысты жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылған.

Іріктеу кезеңінде командалар 12 топқа бөлінеді. 6 топта төрт құрамадан болса, қалған 6 топта бес командадан бақ сынайды.

Жеребе кезінде саяси жағдай мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бірқатар шектеу ескеріледі. Мәселен, Косово Сербия және Босния және Герцеговина құрамаларымен бір топқа түспейді. Сондай-ақ, Әзербайжан мен Армения, Гибралтар мен Испания, Беларусь пен Украина командалары да өзара бір топта ойнамайды.

Қазақстан құрамасы жеребе тарту рәсімінде төртінші себетте болады. Бұл себетке Кипр, Финляндия, Молдова, Армения, Болгария, Люксембург, Қазақстан, Латвия, Беларусь, Эстония, Фарер аралдары және Сан-Марино құрамалары енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу