UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді

79

Осылайша жерлесіміздің келесі жекпе-жегі 2027 жылдың көктеміне қалып отыр.    

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

Unforgettable MMA порталының мәліметінше, спортшының дәрігері Михаил Маркуарт Рахмоновтың 2026 жылы жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, медициналық штаб әзірге спортшыға октагонға шығуға рұқсат бермеуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тізе жарақатына байланысты ұзақ уақыт үзіліс жасаған Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ дәрежесіндегі UFC рейтингінен уақытша шығарылды. Бұған басты себеп – оның соңғы бір жарым жыл бойы жекпе-жек өткізбеуі әсер етті.

Файтер Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында барлығы 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу