UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр

151

UFC президенті Дана Уайт ұйымның Қазақстанда турнир өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Бұл туралы әлемдік MMA және UFC саласында танымал, беделді спорт журналистерінің бірі Аарон Бронстетер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"White says that they are working on a future event in Kazakhstan" ("Уайт Қазақстанда болашақта турнир өткізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты"), – деп жазды ол.

Аталған мәлімдеме UFC 333 турнирінен кейін Абу-Дабиде өткен баспасөз мәслихатында жасалған.

Журналистер Қазақстанда UFC турнирі қашан өтетінін сұрағанда, Дана Уайт: "Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп жауап берген. 

Әзірге турнирдің нақты күні, өтетін қаласы және қатысушылар құрамы жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу