UFC турнирінде Алекс Перейра жеңіліс тапты

136

АҚШ-тың Вашингтон қаласында UFC Freedom 250 турнирі өтіп жатыр.  

UFC турнирінде Алекс Перейра жеңіліс тапты Фото: sports.kz

АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Ақ үйде UFC Freedom 250 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кештің басты жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионы бразилиялық Алекс Перейра уақытша ауыр салмақтағы титул үшін француз файтері Сирил Ганмен кездесті. Жекпе-жек екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, Сирил Ган жеңіске жетті. Ол осылайша уақытша чемпиондық белбеуге ие болды.

Айта кетейік, кештің негізгі жекпе-жегінде қазіргі чемпион Илья Топурия америкалық файтер Джастин Гейджимен жеңіл салмақтағы титул үшін кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу