Уимблдондағы дүрбелең: Путинцева өз қауіпсіздігі үшін ойынды тоқтатуға мәжбүр болды

268

Былтыр төртінші айналымға дейін жеткен Путинцеваның биыл жолы болмады. Теннисшіміз осы жеңілістен соң бірден 7 сатыға төмендеп, жаңартылған әлемдік рейтингте 40-орынға табан тірейді. 

Уимблдондағы дүрбелең: Путинцева өз қауіпсіздігі үшін ойынды тоқтатуға мәжбүр болды Фото: sportilinet.kz

Юлия Путинцева Уимблдонның бірінші айналымында әлемнің 12-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовадан екі сетте 0:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді. Матч небәрі 43 минутқа созылды.

Осылайша, Юлия биылғы Уимблдонды ауыр жеңіліспен бастады. Оған қоса ойын барысында қазақстандық теннисші трибунадан өзін алаңдататқан жанкүйерді байқап, төрешіге жүгінді. 

Бірінші сетте 0:3 есебімен ұтылып жатқан сәтте ол көзіне жас алды. 

"Сіз оны шығара аласыз ба? Мен ол трибунадан кеткенше ойнамаймын. Бұл адамдар қауіпті. Оның қолында пышақ болуы мүмкін", – деді Путинцева.

Турнирдің қауіпсіздік қызметі дереу әрекетке көшіп, жасыл киімдегі күдікті ер адамды трибунадан шығарып жіберді. 

Кейін Уимблдон ресми түрде мәлімдеме жасады.

 "Мәселе шешілді, ешқандай қауіп жоқ", – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Алайда бұл оқиға Путинцеваға қатты әсер етті. Ол өзіне тән мінезін көрсете алмай, небәрі 43 минут ішінде матчты аяқтауға мәжбүр болды.

Жекелей сындағы жеңіліске қарамастан Путинцева жұптық сында жарысты жалғастырады. Ал, бүгін Уимблдонда кортқа Елена Рыбакина, Александр Бублик шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу