Оның сөзінше, Үкімет шопандар мен малшылардың зейнет жасын төмендету мәселесіне ден қоюда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған бастама 2026-2030 жылдарға арналған "Мал шаруашылығын қолдау және дамыту" жөніндегі кешенді жоспардың бір бөлігі саналады. Әлбетте, жаңа бағдарлама ауылдық жерде жұмыс істейтін еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталмақ.
Жоспар бойынша, шопандардың балаларына тегін жоғары білім алу және әскери қызметтен босату сияқты әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылады.
– Мемлекет ет өндірісін дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Субсидиялау тетіктері жетілдіріліп, 2,5-5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие бағдарламалары кеңейтілуде. Сондай-ақ, фермерлерді біріктіретін "ет өндіру кластері" моделі енгізіліп жатыр, – деп қоса кетті министр.
Осыған дейін отандық БАҚ-та Павлодар облысының төтенше жағдай қызметкерлері ауыр әрі қауіпті жұмысқа байланысты 55 жаста зейнетке шығуға ұсыныс айтқан еді.