banner

Үкімет мұғалімдерге вакцина салуды міндетті етпек

11650

Асқар Мамин әкімдерге вакциналау қарқынын арттыруды жүктеді.  

Үкімет мұғалімдерге вакцина салуды міндетті етпек

Үкімет басшысының айтуынша, елімізде вакциналау қарқыны әлі де төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Санитарлық-эпидемиологялық ахуал өзгеріп барады. Өңірлерде вирусты жұқтырған адамдардың саны өсуде. Ауруханалардағы орындардың жүктілігі 27 пайыз, ал жансақтау бөлімінде 24 пайызды құрап отыр. Елордадан басқа "қызыл" аймаққа тағы төрт өңір кірді. "Сары" мен "жасыл" аймақта алты өңірден бар. "Қызыл" аймақтардағы барлық өңірде шектеу шаралары қолданылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтілуі тиіс",– деді бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин.

Премьер-министр резервтік инфекциялық орындардың дайын болып, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керектігін ескертті.

"Бүгінгі күні вакцинаның І компонентін 3,3 миллионға жуық адам салдырды. Шамамен 2 миллион адам ІІ компонентті ектірді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакциана салу қарқынын күшейту керек. Бұл әсіресе Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына қатысты. Қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакцина салу қажеттігі айқын",– деген ол мәселені орынбасары Ералы Тоғжановқа бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетерлігі, дәл бүгінгі отырыста Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакциналау үрдісі елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды әсер етіп жатқанын мәлімдеген болатын. 

"Елімізде кейінгі кезде вакциналау қарқыны үдеп келеді. Өткен аптада вакцина алғандардың саны 250 мың адамнан 405 мың адамға артты. Біз вакциналаудың тиімділігіне талдау жүргізіп көрдік. Осы жылдың сәуір айынан бастап  маусымға дейін вакцина алғандардың санының 1,3 млн адамнан 3,2 млн адамға дейін өсуіне байланысты індет жұқтыру жағдайларының екі есе азайғаны байқалады. Осыған байланысты дельта штамы анықталған күнде де вакциналау эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына жағымды жағынан әсер етіп жатқанын атап өту керек", деді Алексей Цой.

Айта кетсек, 2021 жылғы 29 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 246 795 адам вакцина салдырған. II компонент 1 954 372 адамға егілген.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу