Үкімет пен бизнес ҚҚС мәселесінде ымыраға келе алмады

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
17677

Ұлттық экономика министрлігі бизнес-қауымдастық пен заң шығарушыларға екі ауыртпалықтың ішінен өзіне тиімдісін таңдауды ұсынды.  

Үкімет пен бизнес ҚҚС мәселесінде ымыраға келе алмады

Қолданыстағы заңнамамен 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша есепке қоюдың шегі 30 мың АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) 3234 АЕК-ке дейін төмендейді, яғни 10 есеге төмендемекші. Бұл үкіметтің көлеңкелі тұстан шығарылған бизнестен түсетін кірістерін көбейтіп қана қоймайды, сонымен бірге жеке кәсіпкерлердің ұсақталуына немесе олардың заңды бизнестен мүлдем кетуіне әкеледі.

Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп, парламент мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданған заң жобасында 2017 жылдың соңына дейін ҚҚС бойынша шектікті 30 мың АЕК (63 млн теңге) деңгейінді  қалдыру, содан кейін оны 2020 жылға дейін бірте-бірте 15 мың АЕК-ке дейін төмендетуді ұсынып отыр. 

ҰЭМ-нің есебінше, спирттік ішімдік пен шылымға акциз қоюды арттырудан, сонымен қатар ҚҚС бойынша шектікті кезең-кезеңмен төмендетуден түсетін қосымша түсімдер 2019 жылға дейін уақытты қоса алғанда 237 млрд теңгені құрауы керек.

2017 жылдан бастап ҚҚС бойынша шектіктің  бірден төмендеп жылжуы есебімен келісіп, бизнес-қауымдастық екі ауыртпалықтың ішінен өзіне тиімдісін, яғни 2018-2020 жылдарда ҚҚС бойынша шектікті кезең-кезеңмен екі есе төмендетуді таңдап алуы керек деп санайды ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

"Заң (салық заңнамасына түзетулер - автор еск.) парламентте. Ол бірінші тыңдалымда (парламент мәжілісінде - автор еск.) мақұлданды. Үкімет өз ұстанымынан бас тартпайды. Немесе бұл заң жобасын кері қайтарып, шектіктің 10 есеге төмендегенін қалайсыздар ма? Қандай шешім бар? Бүгінгі сіздер көріп отырған шешім немесе шекті 10 есеге азайту? Шешімді қолданыстағы заңнамадан немесе оңайлатудан таңдап алу керек", – деді Қуандық Бишімбаев үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында. Оның ойынша, салықтық реформа бойынша айқай-шу шығарып жүргендер мәселені толық түсінбеген.

"Салықтық жүктемені арттырып жатыр деп айтқан кезде олар оны немен салыстырады? – деп сауал қойған Қуандық Бишімбаев оған өзі жауап берді: –   Менің ойымша, қазіргі заңнамамен салыстырған жөн. Міне, қолданыстағы заңнамаға қатысты салықтық жүктемені шағын және орта бизнес үшін төмендетіп жатырмыз. Яғни, қазіргі заңда ҚҚС бойынша шектік 10 есе төмендетілген болу керек. Біз оны 2017 жылы төмендетуді ұсынып отырғанымыз жоқ. 2018 жылдан бастап 2020 жыл аралығында кезең-кезеңмен он есе емес, 2 есе төмендетуді ұсынып отырмыз. Сонда 2020 жылы болатын шектіктің өзі өте жоғары болады".

Сонымен бірге министр Ресейдегі ҚҚС бойынша шектікті мысал етті. "Көршілес Ресейдегі шектік 26 мың еуро. Ал ол бізде 32 млн (теңге - автор еск.) болады да, 2020 жылы 90 мың еуроны құрайтын болады. Ал айқай-шу шығарып жүргендер істің мәнісін толық түсінбегендер. Бұған дейін бірінші заң жобасымен мұқият танысыңыздар деп түсініктеме берген болатынмын. Адамдар заң жобасымен таныспаған немесе олар дұрыс түсінбеген", – деді министр.   

Сондай-ақ министр ҚҚС бойынша шектікті төмендету бюджет жыртығын жамаудың амалы деген пікірмен келіспейтінін айтты.

"Бұл жыртықты жамаудың амалы емес, бұл салық алаңын түзетуге деген талпыныс. Яғни, біздің салық алаңымыздың ой-шұңқыры көп, ал бұл кейін салмақты салық саясатын жүргізуге мүмкіндік бермейді. Жеңілдік алатындар, тауар беретіндер бар. Ал ҚҚС бойынша салмақ олардан тауар сатып алатындарға түседі. Содан соң түзетуді қажет ететін жағдайлар туады. Егер сіз біреуге жеңілдік беретін болсаңыз, онда ол міндетті түрде келесі кезеңде атып шығады", – дейді Қуандық Бишімбаев.

Сонымен бірге министр Рақым Ошақбаевтың айтуымен жеткізілген еліміздің бірқатар тәуелсіз экономисінің 2020 жылға дейін ҚҚС бойынша шектікті кезең-кезеңмен екі есе төмендетудің орнына оны 30 000 АЕК мөлшерінде сақтап қалу туралы айтқандарына түсініктеме берді.

Министрдің айтуынша, экономистер айтылған ұсыныс бойынша ҰЭМ-ге әзірше ешқандай есебін ұсынбаған. "Олардың  ойымен таныспын, алайда оған қатысты ештеңе айта алмаймын. Себебі, олардың ұстанымдарының ешқандай негіздемесі мен есептерін көріп отырған жоқпын", – деді Қуандық Бишімбаев.

Бұдан бұрын экономистер тобының ҚҚС бойынша шектікті 30 000 АЕК мөлшерінде сақтап қалуды ұсынғаны айтылған болатын. "Бүгінгі күні... ҚР Салық Кодексінің 568 бабына сәйкес, ҚҚС бойынша шектік 30 000 АЕК-ті құрайды. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсанындағы № 432-V заңына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша шектік 3234 АЕК-ті құрайды, заң жобасында 2020 жылға қарай ҚҚС бойынша шектікті кезең-кезеңмен екі есе – 15 000 АЕК-ке дейін төмендету қарастырылды. Олардың жариялаған өтініштерінде бүгінгі күннің жағдайына қатысты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен және ҰЭМ заң жобасымен бизнестің салықтық жүктемесін арттыру қарастырылады", – деп көрсетілген.

 "Сол себепті ҚҚС бойынша қолданыстағы шекті  30 000 АЕК мөлшерінде сақтап қалу ұсынылды, яғни қолданыстағы заңдағы ҚҚС бойынша шекті 3234 АЕК-ке дейін төмендету туралы норманы және ҰЭМ-нің заң жобасындағы 2020 жылға қарай шекті кезең-кезеңмен 15 000 АЕК-ке дейін төмендету туралы норманы алып тастау керек. Бірінші және екінші оқылым арасында депутаттар осындай түзету енгізуге мүмкіндіктері болады деп ойлаймын. Біз оларды осыны жасауға шақырамыз", – деді Рақым Ошақбаев.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу