Үкімет ұлттық жобаның орындалмауын коронавирус пен қымбатшылықтан көреді

2438

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасының 2021 жылға жоспарланған 20 көрсеткішінің төртеуі орындалмады. 

Үкімет ұлттық жобаның орындалмауын коронавирус пен қымбатшылықтан көреді

Бұл – тұрғын үйді пайдалануға беру, ҚР аумағы арқылы транзит көлемі, Транскаспий бағытындағы контейнер ағыны және "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша бюджеттік кредиттер беру бойынша көрсеткіштер.

Мәселені Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында баяндады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Аталмыш ұлттық жоба тұрғындардың базалық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды әрі көлік байланысын жақсарту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында іске асырылып жатқанын білеміз. Дегенмен жол сапасы, үй бағасына әлі де тұрғындар көңілі көншімейді.

"Жоғарыдағы көрсеткіштердің толық орындалмауының негізгі себептері ретінде жобалардың қымбаттауы және жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуі, сондай-ақ COVID-19 аясындағы шектеу шаралары және тағы басқалар болып табылады", – дейді Қуантыров.

Оның келтірген мәліметіне қарағанда, ұлттық жоба толық орындалмады делінген 2021 жылы 1,5 трлн теңге бөлінген. Осы соманың 1,4 трлн теңгесі немесе 93%-ы игерілген.

Жасын Қалибек​

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться