Үкімет жұмысында жетістіктер де, қателіктер де болады – Олжас Бектенов

334

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.  

Үкімет жұмысында жетістіктер де, қателіктер де болады – Олжас Бектенов Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет өз жұмысында мемлекет мүдделерін әрдайым бірінші орынға қояды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Біріншіден, өздеріңізге алғыс айтқым келеді. Бүгінгі Үкімет есебін талқылау өте конструктивті түрде өтті. Әрине, экономикалық даму мәселелері төңірегінде алуан түрлі пікір болады. Үкімет жұмысында жетістіктер де, қателіктер де болады. Өмір болғаннан кейін қателіксіз болмайды. Бірақ, ең басты айтатыным, Үкімет өз жұмысында мемлекет мүдделерін әрдайым бірінші орынға қояды. Сондықтан алдағы уақытта да ортақ жұмысымыз жемісті болсын, – деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет үйінде Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу