"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ-дан кейін "Қазатомөнеркәсіп" басшыларының бірі ұсталды

858

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ-дан кейін "Қазатомөнеркәсіп" басшыларының бірі ұсталды Фото: ЖИ көмегімен жасалған

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма мүшесі Қуаныш Омарбеков және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олар "Самұрық-Қазынаның" бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді", – делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада "Самұрық-Қазына" мен "Қазақстан темір жолы" басшылары ұсталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу