Украина Трамптың өтінішіне құлақ аспай отыр – Путин

413

Ресей президенті Владимир Путин Кремльде үкімет өкілдері және мұнай компанияларының басшыларымен кездесті.

Украина Трамптың өтінішіне құлақ аспай отыр – Путин Фото: РИА Новости / Григорий Сысоев

Ол ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына жасалып жатқан украиналық шабуылдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

"АҚШ президентінің үндеуі мен тікелей өтінішіне қарамастан, Киев біздің өңдеу қуаттарымызға шабуылын тоқтатпай отыр", – деді Путин. 

Ресей басшысы энергетикалық нысандардың қорғанысын күшейтуді талап етті.

25 қарашаға қараған түні Украина Ресейдің екі ірі мұнай өңдеу зауытына – Сызрань және Куйбышев зауыттарына қайтадан шабуыл жасады. Екі кәсіпорын да "Роснефть" компаниясына тиесілі.

BILD жазуынша, дрондар шабуылы ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына айтарлықтай залал келтіріп жатыр. Саладағы екі дереккөздің мәліметінше, қазан айының соңынан бері олар тәулігіне шикі мұнайды 45%-ға аз өңдеп жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады. Қарашаның ортасына қарай елдегі 35 ірі мұнай өңдеу зауытының 15-інің жұмысы істен шыққан.

АҚШ президенті Дональд Трамп қазан айында энергетикалық бітім жарияланғанын мәлімдеген еді. Бірақ Мәскеу де, Киев те мұндай уағдаластыққа келгенін растамады. Киевтің мәлімдеуінше, егер Мәскеу Украинаның энергиямен жабдықтау жүйесіне соққы бермесе, ресейлік энергетикалық нысандарға жасалатын шабуылдар да тоқтайды. 

"Путинге мұнай өңдеу зауыттарына жасалып жатқан шабуылдар ұнамаса, онда ол соғысты тоқтату туралы бұйрық бере алады", – деді Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу