Украинадағы соғысқа өз еркімен барғысы келетін Байқоңыр қаласы тұрғындарына ақша төлемек

913

Байқоңыр қаласы тұрғындарына ақша төлеп, Украинамен соғысуға шақырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Украинадағы соғысқа өз еркімен барғысы келетін Байқоңыр қаласы тұрғындарына ақша төлемек Фото: Qazir.kz

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы № 46 қаулысына сәйкес Украинада жүріп жатқан әскери қақтығысқа қатысуға ниет білдірген азаматтарға бір реткі ақшалай төлем қарастырылған.

"Арнайы әскери операцияға және әскери қызмет өткеру туралы келісім-шартқа отырған, қалада тұратын", жұмылдырылған азаматтар, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға өз еркімен ниет білдірген және әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасқан, Байқоңыр қаласы, Украина, Донецк Халық Республикасы, Луганск Халық Республикасы, Запорожье облысы, Херсон (солдат) аумақтарында арнайы әскери операцияға қатысқан жағдайда 260 000 рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемді қарастырады", - делінген әкімшілік сайтында.

Белгілі болғандай біржолғы ақшалай төлемді алу үшін әскери қызметші немесе оның уәкілетті өкілі өтініш берушілер атынан әрекет ету құқығына байланысты Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіппен Әлеуметтік қорғау департаментіне өтініш беру қажеттігі айтылған.

Айта кетелік, Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі қызметін жалға алу шартымен жүзеге асырады. "Байқоңыр" кешенінің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік орталығы және оның қолданыстағы инфрақұрылымы Ресей Федерациясының ғарыш саласын дамыту бойынша алға қойған міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.

"Байқоңыр" кешенін жалға алу мерзіміне Ресей Федерациясымен қарым-қатынаста Байқоңыр қаласына объектілерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды қауіпсіз пайдаланудың ерекше режимі бар. Ресей Федерациясының федералдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебе берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу