Ұлттық банк 2017 жылдың векторын белгіледі

12387

Реттеуші саясатын іске асыруға қысқа мерзімді сегіз тәуекел кедергі болып отыр.

Ұлттық банк 2017 жылдың векторын белгіледі Фото: liter.kz

Ұлттық банк келесі жылға ақша-несие саясатының (АНС) негізгі бағыттарын жариялады. Реттеушінің негізгі басымдылық беріп отырғандарының ішінде еркін айналым бағамы, пайыздық арнаның тиімділігін арттыру және экономиканы несиелеуде өсім бар. Осы шараларды іске асыруда негізгі мақсатты бағдар – инфляцияны 6-8% шамасында ұстап тұру. Жасалып жатқан саясаттың табысты болуына бірқатар ішкі және сыртқы тәуекел кедергі келтіреді.

Ақша нарығын реттеу

2017 жылы еркін айналымдағы айналым бағамын нақтылау, сондай-ақ, пайыздық арнаның тиімділігін арттыру – АНС-тың маңызды бағытының бірі. Ұлттық банк "бағдар" жайын сөз ете отырып, әлемдік тәжірибеде тиімді индикаторды таңдауда "елдегі Орталық банк операциясынан басқа банкаралық нарықтағы несиелеудің операция мөлшерлемесі есептеледі" дейді.

Елдегі ақша нарығының қолданыстағы индикаторлары (TONIA, TWINA және басқалар) Ұлттық банк операциясын есепке ала отырып, барлық мәміле негізінде жасалады деп көрсетілген қаржы реттеушіде.

"Ұлттық банк қазіргі жағдайды, сондай-ақ, ақша нарығына қатысушылардың болжамын дұрыс көрсететін жаңа индикаторды енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр", – деп жазылған құжатта.

Сонымен бірге, ашық нарықта қосымша депозиттік аукциондарды енгізу арқылы өтімділікті алу құралдарының тізімін кеңейту жоспарланып отыр. Биылғы жылы қысқа мерзімді ноталарды шығару көлемін арттыру және олардың мерзімін созу аясында Ұлттық банктің құралдарына тікелей қол жеткізуге деген сұраныс төмендеген.

Halyk Finance есебіне жүгінсек, 2016 жылдың наурызынан бастап, қыркүйек айында ашық нарық операциялары 2,5 трлн теңгеге дейін өскен, оның 90%-ы реттеуші нотасымен ұсынылған. Бұл, ақшаға шаққанда, қыркүйек айының қорытындысы бойынша ЕДБ-ның несиелік қоржынына 16% балама болды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап, қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі базалық мөлшерлемеге теңеседі. Іс шараның мақсаты – "экономиканың әр сегментіндегі ақша құнын теңестіру". Келесі жылы АНС-тың басқа векторы – "құбылмалы табыстылықты құру", "инфляциялық болжамды өлшеу" және "коммуникациялық саясатты жетілдіру" жұмыстарын жалғастыру.

Сыртқы тәуекелдер

Реттеуші АНС іске асыруға қатысты өз болжамында бірқатар ішкі және сыртқы тәуекелге көңіл бөліп отыр. Олардың ішінде "мұнай бағасының едәуір өзгеруі", "әлемдік экономиканың өсуінің баяулауы", "АҚШ ФҚЖ мөлшерлемелерінің динамикасы", сондай-ақ, "ресейлік рубль бағамының әлсіреуі" бар.

Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, мұнайдың әлемдік бағасының біздегі мұнайдың экспортқа шығарудың өзіндік құн деңгейінен төмендеуі төлем балансында қосымша қауіп туындатады. Ал бұл экономикалық агенттердің мұнайды экспорттаушы елдердегі валюта бағамының әлсіреуіне қатысты құнсыздану болжамын күшейтеді.

III тоқсан қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 45,8 доллар, бұл 2016 жылдың I жартыжылдығындағы орташа көрсеткіштен 14%-ға (немесе 5,6 долларға) жоғары. Алайда, Halyk Finance сарапшыларының мәліметінше, баға өсімі мұнай өндіруші өнеркәсіпті ынталандырмады.

"Қаңтар-тамыз айларында өнеркәсіптің төмендеуі 2,3%-ға дейін төмендеп, былтырғы жылдың I жартыжылдығындағы көрсеткіштен 1,6%-ға төмендеген. Бұл жерде мұнай бағасының 5%-ға төмендеуі шешуші рөл болды", – деп жазылған инвестбанктің соңғы макроэкономикалық есебінде.

28 қыркүйекте NCOC концорциумы Қашаған кен орнында қайта мұнай өндіре бастады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 1 қарашадан бастап Солтүстік Каспий жобасында коммерциялық өндіру басталды. 2016-2018 жылғы республикалық бюджетке салынған 2016 жылы 0,5 млн тонна мұнай өндіру туралы болжам жыл соңына қарай 1,1 млн тоннаға дейін екі есе өсуі мүмкін.

Сонымен бірге, "2017 жылы ФҚЖ мөлшерлемесінің өсу мүмкіндігі" – маңызды тәуекелдердің бірі болып отыр. Ол америкалық валютаны тұрақтандырып, капиталдарды дамушы елдерден дамыған елдерге көшіруі мүмкін.

Ресей рублінің әлсіреуі де – маңызды тәуекелдің бірі. Ұлттық банктің айтуынша, бұл "біздің нарықтағы ресейлік тауарлар жайғасымын және отандық тауарлардың бәскеге қабілеттілігін едәуір нығайтуы мүмкін". Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша біздегі жалпы импорттағы Ресейлік үлес 34%.

Ішкі қиындықтар

Ұлттық банк АНС жүргізу үшін ел ішіндегі "долларландыру деңгейінің жоғары болуы", "мемлекеттік бюджет тапшылығы", "өтімділіктің құрылымдық пайдасы", "бағаны мемлекеттік реттеуді жою" тәуекелдері кедергі болатынын айтады.

2016 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша салымдарды долларландыру 55,7% болған, бұл қаңтар айындағы көрсеткіштен 12,3 пайызға аз. Ал қараша айының басында шетелдік валюталық салымдар үлесі 58,3% болған. Өткен айда теңгенің нығаюына корпоративтік сектордағы ұлттық валютаны шамамен 1 млрд долларға конверсиялау себеп болды.

Мемлекеттік бюджетке әзірге тапшылық ауылы алыс. Биылғы  жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, мемлекеттік қазынаға 5,4 трлн теңге салық төленген, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 30,4%-ға (немесе 1,26 трлн теңгеге) көп.

Өтімділік пайдасын өсіруге қатысты айтар болсақ, онда бұл жердегі жағдай қиындау. Ұлттық банктің ашық нарықтағы операциясының сальдосы желтоқсандағы жағдай бойынша жылдың басынан 1,24 трлн теңге өтімділік тапшылығынан 1,92 трлн теңге пайда мөлшеріне дейін өзгерген. Бұған екінші деңгейдегі банктермен валюталық айырбас және ұлттық банк шығарған қысқа мерзімді ноталар үлкен үлес қосты.

"Өтімділіктің елеулі құрылымдық пайдасы ұлттық банктің инфляциялық мөлшерлемені базалық мөлшерлеме шегінде ұстап тұруын қиындатады", – деп қорытындылады реттеушілер.