Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
2694

Реттеуші бұл ақша-несие саясатын соңғы қатайту емес екенін ескертіп өтті.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

Ұлттық банк биылғы жылы алғаш рет базалық мөлшерлемені қолданыстағы +/-1% болатын дәлізді сақтай отырып, 0,25 пайыздық көрсеткішке, яғни 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Алайда реттеуші ақша-несие саясатының операциялық тиімділігін арттыру мақсатында пайыздық дәліздің шегін тарылтуды қарастыратынын нақты айтты.

Мөлшерлемені көтеру туралы шешімге инфляциялық тәуекелдердің күшеюі негіз болды, оның ішінде айырбас бағамының құбылмалығының инфляцияға әсер етуі бар. Ұлттық банк болжанып отырған инфляцияның динамикасы бойынша өзінің бағалауын 2018 жылғы дәліздің жоғары шегіне, яғни 6%-ға жақын болады деп сақтай отырып, инфляциялық болжамдардағы сыртқы факторлардан туындаған тұрақсыздықтың өсуіне көңіл бөлуде.

Осылайша, Ұлттық банк бұған дейін тарылту жайлы айтылған пайыздық дәліз құралын пайдаланған жоқ. Ұлттық банк ақша-несие саясатының басқа құралдарын қолдануы мүмкін екенін бас банк басшысы 14 қазан күні Балиде өткен ХВҚ және Бүкіләлемдік банктің жыл сайынғы конференциясында баяндама жасағанда мәлім етті.

Дәліз шегі тарылуы мүмкін екенін Ұлттық банк алғаш рет шілде айында өткен монетарлық саясат жөніндегі отырыстан кейін айта бастады.

"Ақша-несие саясатының операциялық бағдары – TONIA көрсеткіші базалық мөлшерлеменің пайыздық дәліздің төменгі шегіне жақын екенін ескере отырып, Ұлттық банк ақша-несие саясатын реттеудің операциялық тиімділігін арттыру мүмкіндігін қарастарады. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында дәліз шегін тарылтудың пайдасы жайлы мәселе қарастырылады", – деп 2018 жылдың 9 шілдесіндегі баспасөз баянында жазылған болатын.

Пайыздық дәлізді тарылтатын болса, онда Ұлттық банк өзінің қысқамерзімді ноталары бойынша алыс-берісінің құнын арттырып жіберетін еді. Нақты базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалатын, бірақ бұл ретте "қысқамерзімді" ақшалардың құны өсіп кетіп, қаржы нарығының баға жасауына әсер ететін еді. Өйткені Ұлттық банктің ноталары қысқамерзімді қарыздар бойынша кірістің ауытқымасын қалыптастырады. Жалпы Ұлттық банк қазірдің өзінде осы құралды қолданып, инвестор үшін орналастыру құнын өсіріп отыр.15 қазан күні жеті күндік ноталар бойынша өткен кезекті аукцион олардың құнын 10 қазан күнгі 8,439% және 5 қазан күнгі 8,424%-бен салыстырғанда жылдық 8,445%-ға дейін көтерді. Бір жарым ай бұрын, 3 қыркүйекте, Ұлттық банк жеті күндік ноталарды 8,009%-бен орналастырған болатын.

Ақыр-соңында Ұлттық банк ақша-несие саясатының басқа да құралдарын қолданып отыр деген барлық хабарлама мен тұспалдап айтудан кейін, реттеуші негізгі мөлшерлемені көтерген басқа орталық банктердің ықпалымен базалық мөлшерлемені өзгертті. Базалық мөлшерлемені көтеру пайыздық дәлізді тарылту сияқты Ұлттық банктің өзінің қарыздарына қызмет көрсету құнын көтеруге әкеледі. Мөлшерлемені көтеру жайлы шешім қабылдауға Ұлттық банктің қыркүйек айында валюта нарығын "тірілту" үшін 521 млрд доллар шамасында валюталық интервенция жасау шығысы әсер еткен тәрізді.

Сондай-ақ базалық мөлшерлемені көтеру жайлы шешім күрделі жағдайда қабылданғанын атап кету керек. Қаржы нарықтарында кейбір акциялардан сатып құтылуға мәжбүр еткен сауда соғысы инвесторларға жаман әсер етуде. ФРЖ-ның шешімінен кейін, барлық әлемдік орталық банктер базалық мөлшерлемені көтеріп жатыр, ал бұл инвесторлардың дамушы нарықтардағы тәуекелді салым жасауын қысқартады. Өтімділік дамыған нарықтарға сенімді және ендігі кірістілігі жоғары тәуелсіз қарызға кетіп жатыр.

Ішкі нарық жайын айтар болсақ, үйлесімсіздіктер бұл жерде де жетіп артылады. Доллардың теңгеге қатысты бағамы қыркүйекте айтарлықтай нығайып, 370 теңгеден асып, бағасы бір баррель үшін 80 доллардан жоғарылаған мұнай секілді қымбат қалпында қалып отыр.

Инфляцияның өсуі бойынша мәліметтер қыркүйекте бағаның екі есе қарқынмен өскенін көрсетті. Жылдық инфляцияның күшеюі қыркүйекте 6,1%-ға дейін көтерілуі реттеушінің инфляцияны жоспарланған 5-7% шамасында ұстап тұру мүмкіндігін азайтып отыр. Ұлттық банк (3 қыркүйектегі баспасөз баянында базалық мөлшерлемені сақтау туралы хабарлағанда) "инфляциялық жағдайдың сипаты, іс жүзінде Ұлттық банктің ақша-несие саясатына байланысты емес, көбінесе ұсыныс тарапынан болатын факторлармен анықталатынын" атап кеткен болатын. Бұл реттеушіге инфляциялық болжамды басқару қиындап бара жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар базалық мөлшерелеменің жаңа деңгейі теңгелік құралдардың тартымдылығын арттырады, оның ішінде ең бірінші Ұлттық банк ноталары бар. Банк секторы несие нарығының тұралап тұрған сәтінде инвестициялардың пайдасы үшін жақсы дәйектемеге ие болды. Енді банктің несие беруін қайта іске қосу қиынырақ болмақ.

Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу