Ұлттық банк биылғы инфляция болжамын қайта қарады

430

2027 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалған. 

Ұлттық банк биылғы инфляция болжамын қайта қарады Фото: inbusiness.kz

Ұлттық банк 2026 жылға арналған инфляция болжамын қайта қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2026 жылы инфляция 9-11% аралығында болады деп күтілуде. Бұған дейінгі болжам 9,5-11,5% деңгейінде болатын. Бұл инфляцияның нақты қарқынының оң динамикасына, тұтынушылық несиелеу көлемінің баяулауына және теңге бағамының нығаюына байланысты", – деді Ұлттық банк басшысы.

Бұл ретте 2027 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалған (5,5-7,5%). 

"Сыртқы инфляциялық қысымның тұрақталуы және Үкімет пен Ұлттық банк қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде 2028 жылы инфляция 5% деңгейіндегі көрсеткішке жақындайды деп күтілуде", – деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17% дейiн төмендеткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу