Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің 1%-ын шетелдіктерге басқаруға берді

Камила Абдиева Камила Абдиева
2433

Реттеуші наурызда қазақстандықтардың зейнетақы аударымдарын Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына салып, үкіметтің валюталық борышынан бір мезгілде құтылды.

Ұлттық банк БЖЗҚ активтерінің 1%-ын шетелдіктерге басқаруға берді

Осы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" (БЖЗҚ) АҚ-ның  инвестициялық портфелі 1%-ға немесе 80 млрд теңгеге, 7,97 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы БЖЗҚ-ның сайтындағы қордың портфелін инвестициялық басқаруға қатысты шолуда хабарланды.

Портфель құрылымындағы негізгі өсу – Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздарға (МҚҚ) салған инвестициясы бойынша байқалып отыр, яғни ол 3,2%-ға немесе 112 млрд, 3,58 трлн теңгеге дейін қосып алған. БЖЗҚ портфелі құрылымындағы ММҚ-дағы инвестиция үлесі 0,9 пайыздық көрсеткішке, 44,9%-ға дейін өскен.

Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақ көлемі наурыз айында 1,1%-ға немесе 89 млрд, 7,82 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл қазақстандықтардың зейнетақы аударымдарының көп бөлігін реттеуші Қазақстанның мемлекеттік қарызына салған.

Осы жылдың 1 сәуірінде БЖЗҚ-ның инвестициялық құрылымындағы Қазақстан МҚҚ-сы қаражатының 88,2%-ы – қаржы министрлігінің облигацияларына, ал қалғаны Ұлттық банк ноталарына (486,7 млрд теңге) тиесілі болды. Наурыз айында инвестициялар ағынының үлкен бөлігі үкімет борышында байқалды, яғни "қосымша" 2,9% немесе 85 млрд теңге, 3,09 трлн теңгеге дейін өскен.

Сондай-ақ МҚҚ активтерінің валюталық құрылымы да өзгеріске ұшырады. Қазақстанның мемлекеттік облигацияларының долларлық үлесі 12,3%-ға немесе 62,4 млрд теңгеге, 443,5 млрд теңгеге дейін қысқарды деп abctv.kz инвестициялар құрылымы бойынша мәліметтер негізінде есептеп  шығарды. Ал теңгелік, керісінше, 174,5 млрд теңгеге, 3,1 трлн теңгеге дейін артты. 

БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің басқа активтерінен шетел мемлекеттерінің МҚҚ-сы бойынша активтердің 19 млрд теңгеге (1,8%-ға), 1,1 трлн теңгеден астам өскенін, сонымен қатар шетел банктеріндегі депозиттердің 20%-ға (60,2 млрд), 243,5 млрд теңгеге дейін төмендегенін ерекше атап кетуге болады. Бұл жерде әңгіме Bank of Montreal-тың салымдарын мерзімінен бұрын шешіп алуы, сондай-ақ Bank of Tokyo-Mitsubishi-дегі қаражаттың (20 млрд) 111 млрд теңгеге дейін қайта бөлу туралы болып отыр.

Бұнымен қоса ақшалай қаражат және басқа да активтер көлемі екі есе (70,7 млрд теңге),95 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бірақ ең маңыздысы, реттеуші жеңімпазды анықтап, оған Aviva Investors Global Services Limited-ке БЖЗҚ-ның зейнетақы  активтерін (70 млрд теңге) 0,9%-ға сыртқы басқаруды берді.

Еске салар болсақ, басқарушыны таңдау байқауы 2017 жылдың 28 қарашасында бастау алған болатын. Ал өтініштерді қабылдау 29 желтоқсанға дейін жалғасты. Активтерді сыртқы басқаруға берудің мақсаты – бекітілген индекске қатысты оң жоғары табыстылыққа қол жеткізу. The ICE Bank of America Merrill Lynch Q980 Custom Index индексі мандат үшін "Долларлай ұсынылған жаһандық корпоративтік облигациялардың жоғары капиталдандырумен инвестициялық деңгейі" эталондық портфель болып табылады.

Сыртқа басқарушыға тәжірибеден басқа қойылатын негізгі талап басқару және мандат бойынша алатын активтер көлемі (25 млрд доллардан кем емес) болып табылды. Конкурс ақпаратына сәйкес, инвестициялық мандат көлемі 250-300 млн долларды құрады. Орташа айлық бағам  бойынша (320,73 KZT/USD) наурыз айындағы транш мөлшері 218,2 млн доллар (70,03 млрд теңге), одан әрі активтерді  беру 25 млрд теңгеден кем болмайды деп болжауға болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу