Ұлттық банк Қазақстанның төлем балансынан таусылмайтын шығын тапты

Камила Абдиева Камила Абдиева
3321

Мұнай бағасы барреліне 70 долларды құраған күннің өзінде таяу арада күнделікті шоттың қалдығы оң көрсеткішке жетпейді.

Ұлттық банк Қазақстанның төлем балансынан таусылмайтын шығын тапты

Мұнай бағасы барреліне 40-70 доллар болса да ағымдағы операциялар шотының қалдығы ортамерзімді болашақта оң көрсеткішке жетпейді деп болжады Қазақстанның Ұлттық банкі (ҚҰБ) бейсенбі, 13 шілде күні жариялаған "Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шотының болжамындағы бастапқы кірістер балансының серпіні" атты талдау жазбахатында. Оған себеп – Қазақстан экономикасының мұнай бағасына тәуелді болуы, қазіргі жағдайда елдің капиталына кері әсер етіп отырған  фактор осы болып табылады.

Ағымдағы шотты теріс көрсеткіштен шығару үшін экономикаға құрылымдық өзгерістер енгізу қажет, дәлірек айтсақ, мұнайлы емес экспорттың үлесін арттырып, Қазақстан экономикасының импортқа тәуелділігін төмендету қажет дейді ҚР ҰБ төлем балансы және валюталық реттеу департаменті әзірлеген жазбахаттың авторлары.

Талдау жасау барысында ҚҰБ сарапшылары төлем балансын болжауда тұрақты тәртіп бар екенін анықтады. Яғни мұнай бағасы 1%-ға өссе шетелдік инвесторлардың жасайтын төлемі 0,89%-ға артады.

"Басқаша айтсақ, мұнай бағасы өссе, табыс да айтарлықтай өседі, бірақ экпорттық табыс өсім жылдамдығынан қалып қояды. Мысалға мұнай бағасы барреліне 50 доллардан 75 долларға қымбаттаса, бұл шетелдік инвесторлардың табысы бойынша төлемдердің 44,5%-ға артуына әкеледі. Мұнай өндірісі 1%-ға  артса, шетелдік инвесторлардың төлейтін төлемдері 1,36% - ға өседі", – деп есептеп шығарды мекемеде.

Одан әрі қаржылық реттеуші экономикадағы құрылымдық реформалардан көп нәрсе күтпейтінін жеткізді.

"Қазіргі экономикалық жағдайда ағымдағы шоттың тапшылықтан шығуы ортамерзімді болашақта негізгі экспорттық тауар бағасының, бірінші кезекте мұнай бағасының айтарлықтай өсуі кезінде ғана мүмкін болады", – деген мәлімдеме таратты ҚР ҰБ.

Соңғы жылдары шетел инвесторларының қаражаты Қашаған жобасына белсенді түрде инвестицияланды, ТШО жобасын кеңейту басталды, ЭКСПО-2017 және басқа да инфрақұрылымдық жобалардың бірқатары жүргізіліп жатыр. Осының бәрі Қазақстанның бүгініне әсер етті.

"Бұл факторлардың жиынтығы ағымдағы шоттың тапшылығына алып келді. ҚР ҰБ болжамына сәйкес, тапшылық біртіндеп азая бастайды, өйткені экономика жаңа экономикалық болмысқа бейімделеді. Тұрақсыз айырбас бағамы мұнайға жатпайтын тауарлардың қазақстандық өндірушілерінің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік береді және тұтынушылық импорттың күрт ұлғаю қауіпін шектейді. Алайда ағымдағы шоттың тез арада қалпына келу және профицитке шығу әлеуеті шетел инвесторлары қаржыландыратын ірі жобалардың жүргізілуімен шектеледі, өйткені бұл жобалар импорттың ірі мөлшерімен және дивидендтерді инвесторларға төлеудің өсуімен қатар жүреді", – деп түсініктеме берілді талдау құжатында.

"Қара алтын"  бағасының құлдырауы Қазақстанның мұнай саласына қатты әсер етті. ҚР ҰБ есебіне сүйенсек, 2016 жылы brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 42,8 долларды  құрады, ол 2015 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмен, мұнай мен газ конденсаты экспортының құны 27,6%-ға қысқарды.

"Соңғы жылдары жалпы экспорттағы мұнай тауарлары үлесінің қысқаруы (2015 жылы 66,5% және 2016 жылы 59,6%) байқалды, бірақ бұл қысқарудың факторлары мен қарқынын назарға ала отырып, республиканың сыртқы саудасында мұнайдың басым болуы ұзақ мерзімді үрдіс болып табылады", – дейді зерттеу авторлары.

Талдаудың мақсаты мұнай бағасының реттелуі және соның нәтижесіне сауда балансының жақсаруы және елден бастапқы табыстың кете бастауынан ағымдағы шоттың үлкен тапшылыққа ұрынуы болып табылады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 10-жылдық кері рекордты құрады.

Еске сала кетейік, 10 мамырда Ұлттық банк 2017 жылдың I тоқсаны бойынша елдің төлем балансы жөніндегі алдын-ала мәліметтерді жария етті. Дәлірек айтсақ, ағымдағы операциялардың шот тапшылығы 1,1 млрд долларды құрады, ал  2016 жылдың I тоқсанындағы көрсеткіш 1,2 млрд долларға пара-пар болды.

Алайда биылғы жылдың I тоқсаны бойынша нақтыланған есеп шот тапшылығының ұлғайғанын көрсетті, ҚР Ұлттық банкінің есебі бойынша, 1,1 млрд долларда 1,44 млрд долларға көтерілді.

2017 қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 23,1 млрд долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,7% - ға артық.  Оның ішінде экспорт 34%-ға артып, 14,85 млрд долларға жетті;  импорт 13,1%-ға артып, 8,25 млрд долларға жетті.

Әйгерім Сүлейменова, Камила Абдиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу