Ұлттық банк қордағы алтынның бір бөлігін сатады

4760

Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 15-орынға көтеріліп, Ұлыбритания мен Саудияны басып озды.

Ұлттық банк қордағы алтынның бір бөлігін сатады

Әлемдік нарықтарда отандық құймалардың танымалдылығын арттыру мақсатында Ұлттық банк басым құқық шеңберінде жыл сайын сатып алынатын тазартылған алтынның 4%-ын шетелге сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі. Аbctv.kz-тің есептеуі бойынша, алтынды сатудан түсетін жыл сайынғы пайда 60 млн доллардан асып кетуі мүмкін.

2011 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралықта Ұлттық банктің алтын қоры 82 тоннадан 301 тоннаға дейін, яғни жыл сайын орташа есеппен 36,5 тоннаға өскен. Жыл басынан бері реттеуші басым құқық шеңберінде отандық өндірушілерден шамамен 33 тонна алтын сатып алған. 10 қыркүйектегі жағдай бойынша Ұлттық банктің резервіндегі алтынның нақты қоры 333 тоннаға жеткен, ал құны 12,8 млрд доллар болған.

Егер орташа жылдық сатып алынатын алтынның 36,5 тонна екенін ескеретін болсақ, онда шетелге сатылатын алтынның үлесі 1,46 тонна немесе 51,5 мың троя унциясы болады. Өткен саудадан қыркүйектен бастап алтынның әлемдік бағасы бір унция үшін 1200 доллардан асқанын көруге болады. Тіпті шекті межені алғанның өзінде түсетін пайда 61,8 млн доллар болады.

Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстан қордағы алтынның өсу көлемі бойынша көшбастап, сатып алудан абсолютті мәнде Ресей (соңғы алты жылда +956 тонна) мен Қытай (соңғы алты жылда +789 тонна) басымдыққа ие. Реттеушінің мәліметіне сүйенер болсақ, Ұлттық банктің алтын-валюта қорындағы алтынның үлесі 42%-ға жеткен. Ұлттық банк қорындағы жиналған алтынның нақты көлемі Саудия көрсеткішін басып озып, әлемнің орталық банктері арасында 15-орынды иеленді.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу