Ұлттық банк үмітсіз банктердің нарықтан шығуын реттейді

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
4326

Сонымен қатар реттеуші қалған банктерді сауықтыру мен дамыту үшін жағдай жасайды. 

Ұлттық банк үмітсіз банктердің нарықтан шығуын реттейді

Ұлттық банк нарықтан үмітсіз банктерді ретімен шығару үшін жағдай жасайды. Бұл шаралар үкімет пен Ұлттық банктің 2018 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттары туралы  бірлескен мәлімдемесінде көрсетілген.

Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету аясында Ұлттық банк Қазақстан Республикасының банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын іске асыруды ұсынады, бұл экономиканың нақты секторына несие беруге қолдау болады. 2018 жылы банктерді сауықтыру процесінде несие берудің өсу қарқыны баяу, яғни номиналдық жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынымен бірдей болады деп болжанып отыр.

Қаржылық реттеу саясаты инвестициялық шешімдер сапасының артуына, қаржылық компания басшыларының және тәуелсіз тексерушілердің қаржылық есептің сапасы үшін жауапкершілігін күшейтуге, азаматттардың жинақтарын экономикалық қызметте тиімді пайдалану үшін жағдай жасауға  бағытталады.

"Қаржылық компанияларды реттеу режимі дұрыс банктердің жұмыс  істеуін табысты етуге, тұрақты банктерді сауықтырудың нарықтық тәсілдерін және нарықтан дәрменсіз һәм үмітсіз банктерді біртіндеп шығаруға бағытталады. Қаржылық өзара қарым-қатынасты дамыту кедергілері, оның ішінде несие беруші мен олардың талап ету құқын іске асыру кедергілері жойылады", – деп көрсетілген бірлескен мәлімдемеде.

Ұлттық банк пен үкімет 2017 жылы Қазақстанның экономикасы динамикалық өсуді көрсетіп, 4%-ды құрағанын атап кетті. Оң беталыс инвестициялық белсенділік пен инфляциялық процестерді тұрақтандыруды жылдамдатумен қатар, сыртқы және ішкі жағымды  факторлардан қолдау көрді.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 2,7 есе күшейіп, 5,5%-ды құрады. 2017 жылдың басынан бастап жылдық инфляция деңгейі бекітілген шамада болды және желтоқсан айының қорытындысы бойынша 7,1% -дан асқан жоқ.

Негізгі сауда серіктестеріндегі қолайлы экономикалық жағдай және әлемдік тауар нарығындағы баға жағдаятының жақсаруы – экспорттың өсуі мен сауда балансын ынаталандырды. 2017 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 25,1%-ға артып, 69,5 млрд долларға дейін жетті, оның ішінде экспорт 31,6%-ға артып, 43,1 млрд долларға дейін, импорт 15,8%-ға артып, 26,4 млрд долларға дейін жеткен. Сауда балансының сальдосы 1,7 есе артты. Жалпы елдің халықаралық резерві 2018 жылдың 1 қаңтарында 88,8 млрд долларды құрады.

Халықаралық қаржы ұйымдары 2018 жылы әлемдік экономика 2017 жылғы 3,5%-бен салыстырғанда 3,8%-ға дейін жылдам дамитын болады деп болжап отыр.

Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банктің 2018 жылғы  негізгі міндеті – тұрақты экономикалық өсуді 3-4% шамасына жеткізу және жылдың соңында инфляцияның деңгейін 5-7%  шамасында қамтамасыз ету.

Осыған байланысты мемлекет басшысының "Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауындағы  макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау, қолайлы бизнес-ахуалды қамтамасыз ету, экономиканың салаларын дамыту, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту – 2018 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыты болмақ.

Макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау – ақша-несие және бюджеттік-салық саясатының келісілген шаралары, сондай-ақ қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету есебінен іске асатын болады.

Ұлттық банктің инфляциялық шектеу режимінде жүргізетін ақша-несие саясаты – 2018 жылы жылдық инфляция бойынша мақсатты бағдарды 5-7%-ға жеткізуге бағытталып, бірте-бірте төмендетумен 2020 жылдың соңына қарай 4%-ға жеткізу. Инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ақша-несие саясатының құралдары қолданылатын болады, оның ішінде базалық мөлшерлеме инфляцияның нақты және болжанып отырған дегейіне қарай белгіленеді. Ұлттық банк еркін айналымдағы бағам режимін тоқтаусыз жалғастыра отырып, коммуникациялық белсенділікті жақсартады. Кәсіпкерлік белсенділікті жақсарту үшін экономиканың салаларындағы нақты тиімділікті ескеретін мөлшерлеме бойынша бизнеске ұзақмерзімді несие беруді қамтамасыз ететін шаралар қабылданады.

Үкімет азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын, монополистер қызметінің тарифін негізсіз өсіруді басты назарға алады, сонымен қатар тапшылықты қолдан жасау, бағаны келісіп алу және жосықсыз бәсекелестік мүмкіндіктері жойылады.

2018 жылы бюджеттік саясат экономиканың өсуіне, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту және мемлекеттік қаржы орнықтылығын қолдауға бағытталады. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік міндеттері  толық көлемде орындалады.

Мемлекеттік қаржы орнықтылығын арттыру мақсатында бюджет тапшылығын 2017 жылғы ЖІӨ-нің 2,9%-нан 2018 жылы ЖІӨ-нің 1,1%-на дейін төмендету көзделіп отыр. Бұл үкіметтің қарызын ЖІӨ-нің 20%- нан аспайтын етіп ұстап тұруға мүмкіндік береді. Ұлттық қордың кепілдендірілген трансфертін 2,6 трлн теңгеге дейін азайту арқылы мұнай емес тапшылықты ЖІӨ-нің 7,4%-на дейін түсіру жоспарлануда.

Жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін арттыру мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аудандық  маңызы бар қала, ауыл, кент, тұрғындарының саны екі мыңнан асатын ауылдық округтер деңгейінде  дербес бюджет және коммуналдық меншікті жергілікті өзін-өзі басқару енгізілді.

Салық саясаты жаңа салық кодексі және салықтық әкімшілендіру аясында экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін икемді және қолайлы салықтық ортаны құруға бағытталады.  Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарды ынталандыру бойынша механизм әзірлеу, салық салудың әртараптандырылған тәсілін және жергілікті бюджеттің табыс бөлігін нығайту – негізгі міндеттердің бірі болмақ.

Қолайлы бизнес-орта мен кәсіпкерлердің мықты орта класын құру мақсатында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Doing Business рейтинг аясында бизнес-ахуалды жақсарту бойынша түзетулердің алтыншы пакеті әзірленді, Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің индикаторларын жақсарту және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен елдік бағдарламаның ынтымақтастығы бойынша жоспарланған шараларды іске асыру одан әрі жұмыс істейді. Бизнес-ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша жүйелі шаралардың, әсіресе өңірлік деңгейде, салықтық және басқа да әкімшілдендіруді жеңілдету арқылы бизнесті көлеңкеден шығаруға ынталандырудың жаңа пакеті әзірленеді.

Бәсекеге қабілеттілікті және өндірістік емес шығындарды қысқарту есебінен кәсіпорындардың жұмысының тиімділігін  арттыруға көмектесетін бизнестің шығындарын жаппай төмендетуге қатысты  жұмыс  жалғасын табады. Қолайлы бәсекеге қабілетті орта құру мақсатында заңнамаға тексеріс жүргізуде анықталған бәсекеге кедергі келтіретін нормаларды жоюға бағытталған бірқатар түзетулер әзірленді.

Бизнесті құқықтық реттеу шарттарын жақсартуда заңнамалық деңгейде қарастырылған және кәсіпкерлікті дамытуға қатысты кедергілер төмендетіледі. 2018 жылы 114 бақылау саласының  25-ін және 18 қадағалау органының 3-ін қысқарту, жалпы тексеріс санын 30%-ға төмендету және бизнестің мемлекеттік органға беретін есеп санын 30%-ға қысқарту жоспарланып отыр.

Мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы іске асады. "Қазақтелеком", "Эйр Астана", "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық компаниясы" сияқты бірқатар ірі активтер IPO/SPO-ға шығарылады.

Инвестициялық саясат жеке инвестицияларды барынша тартуға және экономиканы қаржыландыруда банк секторының рөлін қалыпқа келтіруге бағытталады. Ол үшін  инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ елдері деңгейіне дейін жетілдіру жұмысы жалғасады.

2018 жылдан бастап қаржылық хаб және инвестициялық белсенділік орталық "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Үкімет , Ұлттық банк және АХҚО барлық қажетті инфрақұрылымды әзірлеу және қаржылық сот, реттеуші, төрелік орталық негізгі институттарын құру бойынша үлкен жұмыс жасады.

Жеке нарықты венчурлік қаржыландыру және нақты сала тарапынан жаңа технологияларға сұранысты ынталандыруды қарастыратын заң жобасының тұжырымдамасы  және тиісті заң жобасы әзірленеді.

Экономиканың салаларын дамыту мақсатында индустрияландыру картасы жобаларының қуатын қамтамасыз етуге шығу,сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістердің үлесін арттыру арқылы индустрияландыру саясаты жалғасатын болады. Big data, бұлтты технология және 3D-принтинг  сияқты "Индустрия 4.0" элементтерін енгізуді ынталандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

2018 жылы инновацияға, технология транферті және өңдеу өнеркәсібін цияфрландыруға басымдық беретін "цифрлық дәуір" өнеркәсібін қалыптастыруға бағытталған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеу басталады.

Шикізат әлеуетін бағалау және еліміздің минералдық-шикізат базасын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында жер және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс жұмыс істей бастайды, сонымен қатар жер қойнауын геологиялық зерттеу жақсартылады. Ақпараттық-технологиялық платформаны енгізу арқылы пайдалы қазбаларды зерттеуде тәсілдерді жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірленеді.

Ішкі нарықты жоғары сапалы экологиялық К4 және К5 класты бензинмен қамтамасыз ететін мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Агроөнеркәсіп кешенінде саланың энергиямен қаруландыруды, қаржыландырудың қолжетімділігі, егін салатын жерлердің құрылымын әртараптандыру және өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің  экспортын арттыру есебінен еңбек өнімділігін жақсарту бойынша жұмыс жалғасады.

"Қазақстанда жасалған" табиғи тамақтану өнімдері брендін ілгерілету үшін халықаралық нарықтарда әрбір өнім "тізбегін" қолдау механизмі әзірленеді. Яғни өсіруден бастап, сақтау және шикізатты өңдеу, оны ішкі және сыртқы экспорттық нарықтарға тасымалдау сатылары қарастырылады.

Субсиядияның тиімділігін сараптау жалғасып, өсімдікшаруашылығын міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру, асыл тұқымды малдың үлесін арттыру және жем базасын дамыту бойыншашаралар қабылданады.

2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру - көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамытуға көмектеседі.

Астана мен Алматы арасындағы Орталық-Оңтүстік  және Астана мен Өскемен арасындағы Орталық –Шығыс дәлізі құрылысы жалғасады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде Алматы–Өскемен, Қалбатау–Майқапшағай, Үшарал–Достық жолдарын қайта қалыпқа келтіріледі. Бұл жолдар Қытаймен сауда айналымын арттыруға және туризмді дамытуғға негіз болады. Ал батыста Ақтөбе- Атырау- Астрахань, оңтүстікте Мерке–Бурылбайтал көлік жолы қалыпқа келтіріледі. Жаңа жолдардың сапасын ұстап тұру және қауіпсіз қозғалыс пен ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін 2018 жылы ұзындығы 469 шақырым болатын республикалық маңызы бар авто жолдарды кезең-кезең бойынша ақылы ету көзделіп отыр. Өңір ішіндегі жылдамдылықты жақсарту үшін алдағы уақытта жергілікті көлік жолы желісін қайта қалыпқа келтіру және жөндеу жұмысын қаржыландыруартады.

Каспий бағытын дамытуда тасымалдардың көлемі мен  жылдамдығына арттыру үшін заманауи порттық инфрақұрылымды қалыптастыру процесі аяқталады.

Азаматтық авиацияны британдық үлгіге көшіру арқылы саланы  реттеудің  тиімділігін жақсарту жұмысы іске асады.

Көлік ағындарын тиімді басқару және инфрақұрылымды одан әрі дамытудың қажеттілігін анықтау үшін цифрлық технологияны қолдану арқылы интеллектуалдық көлік жүйесін кезең-кезең бойынша енгізу жоспары қабылданады.

2018 жылы жалпы экономикалық саясат макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы орнықты экономикалық өсуді, банк секторының орнықтылығын ынталандыруға, инвестициялық және бизнес-ахуалды жақсартуға, сондай-ақ экономиканың салалары арқылы дамытуға бағытталатын болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу