Ұлттық банктің қысқамерзімді нота көлемі 4 трлн теңгеден асып түсті

Камила Абдиева Камила Абдиева
3789

Олардың тиімді табыстылығы 23 ай қатарынан төмендеуде, ал айналымнан алынған өтімділік көлемі осы уақыт ішінде 3,5 есе өскен.

Ұлттық банктің қысқамерзімді нота көлемі 4 трлн теңгеден асып түсті

Биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша Ұлттық банктің орналастырған қысқамерзімді ноталарының көлемі 4,001 трлн теңгеге жетті, бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Бұған реттеушінің айналымдағы құнды қағаздардың теңгемен ұсынған жаңартылған құрылымы дәлел.

Айналымдағы МҚҚ көлемі ақпанда 0,5%-ға немесе 46,7 млрд теңгеге, яғни 9,72 трлн теңгеге дейін өсті. МҚҚ-ның басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, қарыздың 57,6% -ы (5,6 трлн теңге) қаржы министрлігіне тиесілі. Алайда орналастырылған қарыздың негізгі өсімі, яғни "қосымша" 1,1% немесе 45млрд-тан, 4,001 трлн теңгеге дейінгісі Ұлттық банктің ноталарына тиесілі.

Ұлттық банк ноталарының тиімді табыстылығы есеп беретін айда 0,08 пайыз көрсеткішке, яғни 8,95%-ға төмендеді. Табыстылықтың төмендеу тренді 23 ай қатарынан, яғни 2016 жылдың сәуірінен бастап орны алып отыр. Ол кезде табыстылық жылдық 18,5% болған еді.

Бұл процеспен қатар орналастырылған ноталар көлемі өсуде, ол 2016 жылдың сәуірінде 3,5 есе өскен болатын. Ал тамыздағы бір кезеңдік девальвациядан кейін 26 есе өсті. Бұл көрсеткіштің өсуіне салымдардың долларсыздандыру әсер етеді.

Осы жылдың қаңтарында банктердегі валюталық жинақтардың үлесі 45,3%-ға дейін түсіп кеткен, ал бұл соңғы 3,5 жыл ішіндегі ең жақсы көрсеткіш. Оның ақшалай айналымға түсіп кетпеуі мен инфляцияны ынталандыру үшін реттеуші банктерге өзінің қысқамерзімді ноталарын сату арқылы теңгелік өтімділікті алып тастауға мәжбүр.

Теңге одан әрі нығая беретін болса, бұл процесс жылдамдап кетуі мүмкін. Қаңтарда Қазақтанның ұлттық валютасының долларға қатысты бағамы тағы 2%-ды қосып алып, 11 айда жақсы ревальвациялық нәтиже көрсетті. 2017 жылдың IV тоқсанында ағымдағы операциялар шоты теңдестірілді десе де болады.

Осы тренд пен жоғары салыстырмалы пайыздық мөлшерлеме тұрғысынан қарайтын болсақ, резиденттік емес тараптың МҚҚ-ға деген сұранысы өсіп келеді. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында керри-трейдерлер өз қоржынындағы МҚҚ-ның көлемін 600 млн долларға дейін өсірді, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 10 есе көп. Ұлттық банктің ноталары резиденттік еместердің сүйікті құралына айналды, яғни Қазақстанның МҚҚ-дағы барлық инвестициясының 95%-ы солардың қолында.

Осы жылдың қаңтарының ортасында Ұлттық банк және Clearstream 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына қарай есептеу жүйесіне Қазақстанның қарыз нарығын қосуға келісті. Қаңтар айының соңында қаржы министрлігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы әлемдегі ірі клирингтік бонд жүйесі – Euroclear-мен осыған ұқсас келісімшарт жасады.

Гүлназ Ермағанбетова, Камила Абдиева

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться