Ұлттық қор табысқа кенеле бастады

3987

Қаңтар айында пайдалы қазба өндірісінен түскен салық есебінен мұнайдан түсетін табыс 2,6 есеге өсті.

Ұлттық қор табысқа кенеле бастады

Қазақстанның халықаралық жалпы қоры қаңтар айында 1,3%-ға (1,2 млрд доллар) өсіп, 91,95 млрд долларға жетті деген қорытынды шығарылды Ұлттық банктің халықаралық резерв және Қазақстан Ұлттық қорының активтері жөніндегі айлық есебінде.

Ұлттық банктің алтын валюта резерві (АВР) сәл ғана 0,2%-ға (немесе 70 млн долларға) өсіп, 29,6 млрд доллар болды. Өсім желтоқсандағы қоржын активтерінің 220 млн долларға кем болуы нәтижесінде орын алған төмен тиімділік әсерге байланысты болды. Активтер құрылымында негізгі өсім бағалы металдарға келеді.

Осылайша алтын қорының құны бір айда 4,15%-ға (немесе 400 млн долларға) өсіп, 10,01 млрд доллар деңгейіне дейін жетті. Қаңтар айында металл унциясы 5%-ға, 1152 доллардан 1210 долларға дейін қымбаттап, едәуір өсімге қол жетті деген қорытынды шығаруға болады Finam.ru мәліметіне сүйеніп. Ұлттық банк қоры, керісінше, 330 млн долларға қысқарып, 19,6 млрд долларды құрады.

Қазақстанның жалпы халықаралық активтерінің негізгі өсімі Ұлттық қордың сыртқы активтерін қамтамасыз етті. Айлық өсімнің динамикасы 1,8%-ды құрады, бұл 2014 жылдың маусым айынан бергі рекордтық көрсеткіш; абсолютті – 1,13 млрд доллар, мұндай көрсеткіш 2016 жылдың сәуірінде байқалды.

Дегенмен Ұлттық банкке сенсек, абсолютті өсімге желтоқсан айында Ұлттық банктің активтер пакетінің 200 млн долларға артық бағалануы нәтижесінде тым жоғары база әсері кедергі келтірді. Ол болмаса, айлық абсолютті өсім 1,35 млрд долларды құрайтын еді, бұл 2014 жылдың мамырынан кейінгі рекодтық көрсеткіш болар еді.

Қаңтар айында Қазақстанның мұнай-газдан түскен табысы 361,16 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 2,6 есеге жоғары деп мәлімдеді ҚР қаржы министрлігі мамандары. Салық алымдары құрылымындағы негізгі өсім пайдалы қазба өндірісіне салынатын салықтан (ПҚӨС) түсті, осылайша 6,5 еселік өсім байқалды. Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардан түскен ПҚӨС 2017 жылдың қаңтарында 317,7 млрд теңгеге жетті, былтыр 48,9 млрд теңге болған еді.

Қаржы министрлігінің статистикасына сүйенсек, жер қойнауын пайдаланушылардың корпоративті табысы былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге, яғни 72,7 млрд теңгеден 42,3 млрд теңгеге дейін кеміді.

Ұлттық қордың мұнай мен газдан түсетін табысының төрттен бір бөлігі, дәлірек айтсақ, 22% немесе 80 млрд теңгесі бірден кепілді трансферт бағыты бойынша бюджетке кетті. Дегенмен бұл жоспарланған көрсеткіштен 65%-ға немесе 153,5 млрд теңгеге кем.

Қаңтар айында Қазақстанның мемлекеттік бюджеті жоспардан тыс 73 млрд теңге сомасындағы салық және салықтан өзге түсімге ие  болды, оның негізгі бөлігі (57,4 млрд теңге) қазына табысы есебінен құрылды. Нәтижесінде табыс трансфертті алып тастағанда жоспар бойынша 18,2%-ға көтеріліп, 474,75 млрд теңгеге жетті. Алайда Ұлттық қордан жіберілетін трансфертті оңтайландыру есебінен, мемлекеттік бюджетке 80,5 млрд теңге жіберілмей қалды, бұл қаржы министрлігінің жоспары бойынша  табыстың орындалуын 87,3%-ға дейін төмендетті.

Бюджет құрылымында жергілікті деңгейдегі табыстың өскені байқалды. Аймақтардың қазынасы табысқа кенелді – жоспардың орындалуы 188%-ды, немесе 289 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың салық есебінен түскен табыс 33%-ға жоспардан асып түсті, 139,5 млрд теңгеге жетті.

Ал республикалық бюджет, керісінше, жоспарлаған табысының үштен біріне де (немесе 124 млрд теңге) қол жеткізе алмады,  негізінен трансферт (152,8 млрд теңге) пен отандық өндірістің тауарлары мен қызметтеріне салынатын қосымша құн салығының төмендеуі (20,1 млрд теңге) есебінен жинақталды. Дегенмен жалпы салық чегі 305,3 млрд теңгені құрады, бұл мақсатты көрсеткіштен 7,8% артық.

Арман Жақып

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу