Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінде "2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мемлекет басшысы "үлкен құрылыс" бағытын айқындап, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын пайдалануға жол берілетінін атап өтті. Әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілерді салу жөніндегі ауқымды бағдарламаны іске асыру міндеті қойылды. Осыған байланысты аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге және 2028–2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделді", – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.
Оның айтуынша, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд доллар деңгейінде болжанады, 2029 жылы 70,6 млрд долларға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Айта кету керек, бұған дейін Құрылтай республикалық бюджет жобасын қарайтынын жазғанбыз.