banner

Ұлттық қордың кірісінен гөрі шығыны көбейіп барады

6477

Дегенмен қордың табысы рекордтық деңгейге жетіп отыр.

Ұлттық қордың кірісінен гөрі шығыны көбейіп барады

2019 жылдың мамыр айының қорытыдысындағы мәлімет бойынша, Ұлттық қордағы қаражаттың көлемі былтырғымен салыстырғанда 12,3% көбейіп, 26 трлн теңгеге жетті. Былтырғы өсім көлемі бар болғаны 1,1% болғаны есемізде. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлайды.

Ал сәуір айымен салыстырғанда мамырдағы көрсеткіш керісінше 0,1% азайып кеткен. Оның себебі қордан бөлінетін қаражаттың қорға түсетін қаражаттан көбейіп кетуі.

Айта кетерлігі, биыл мамырдағы көрсеткіш 2014 жылдан бергі максимум ретінде тіркеліп отыр. Алайда долларға шаққанда көрсеткіш керісінше төмендеп кеткен болуы да ықтимал. Өйткені, 2014 жылдың мамырында 13,8 трлн теңге болған қаражат 2015 жылы 15,9 трлн теңгеге жетсе, 2016-да 25,5 трлн-ға дейін жеткен. Бірақ 2017 жылы көрсеткіш 22,9 трлн теңгеге төмендегенімен, 2018 жылы қайтадан 23,1 трлн теңгеге жеткен.

Жалпы, жыл басынан мамырға дейінгі аралықта Ұлттық қорға 1,5 трлн теңге түскен. Бұл былтырғы осы уақыттағымен салыстырғанда 14,1 пайыз көп. Бір қызығы,  2015 жылдан бастап жыл басындағы бес айда көрсеткіш тұрақты төмендеп келген, биыл ғана "плюске" шығып отыр.

Бес айда түскен қаражаттың барлығы дерлік мұнай саласындағы кәсіпорындардың төлеген салығынан құралып отыр. Мұнай компаниялары осы аралықтағы Ұлттық банк табысының 98,1 пайызын берсе, қалғаны жалпы кіріске тиесілі.

Ал республикалық меншіктегі мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражат пен тау-кен және өңдеу өнеркәсібіндегі компаниялардан түскен табыс былтырғы осы уақыттағыдан  65,3% ұлғайып, 13 млрд теңгеге жетті.

Мұнай секторындағы өзге де операциялардан түскен табыс болса 11,7 млрд теңгені құрап, былтырғыдан 22,1 есеге артып отыр.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен аударылатын мақсатты трансферт былтырғыдан керісінше 96,3% азайып кеткен екен.

Ал ауыл шаруашылық жерлерін сатудан түскен кіріс те 6,4%-ға азайған.

Өз кезегінде Ұлттық қордың шығыны да былтырғыдан 43,3%-ға  ұлғайып, 1,5 трлн теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы уақыттағы шығын 1,1 трлн теңге ғана болған.

Соның ішінде кепілдендірілген трансферттің көлемі 1,2 трлн теңгеге жетті. Былтыр көрсеткіш 1,1 трлн теңге болған. Яғни, шығынның бәрі осы кепілдендірілген трансфертке тиесілі еді. Биыл көрсеткіштің тағы көбеюі Назарбаевтың былтыр жыл соңындағы Жолдауда айтқан әлеуметтік бағдарламалар мен бизнесті қолдауға арналған бағдарламаларды қаржыландыруынан босла керек. Сонымен қатар биыл осыған қоса тікелей инвестиция қорына 370 млрд теңгенің аударылғаны да белгілі.

Қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жасау үшін кеткен шығын 1,6 млрд теңгеге жетті. Былтыр көрсеткіш 11,6 млрд болған еді.

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу