Ұлттық қорға түсетін түсімдер қысқаруда

10625

2016 жылдың қаңтар-шілде айларында Ұлттық қорға түскен түсімдердің 57%-ға дейінгісін Атырау облысы қамтамасыз етті. 2015 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда осы өңірден келген  қазіргі кіріс үш есеге аз. 

Ұлттық қорға түсетін түсімдер қысқаруда

2016 жылдың алғашқы жеті айында Ұлттық қорға 609,89 млрд. теңге салық пен төлемдердің түскені атап көрсетілді, бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 39%-ға аз деп жазады сараптамалық портал finprom.kz. Сонымен бірге 2016 жылдың шілдесінде Ұлттық қорға 15,8 млрд. теңге салық пен төлем салынған, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 47,1 млрд. теңгеге жеткен болатын.

Есептік кезеңде негізгі қаржылық түсімдер 288,77 млрд. теңге  корпоративтік кіріс салығы есебінен қамтамасыз етілді, бұл 2015 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 1,4 есеге аз, пайдалы қазбаларды өндіру салығы  осы жылға 145,02 млрд.теңге болды, ол өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе аз.  

Ұлттық қорға 2012 жылдың қаңтар-шілде айларында келіп түскен соңғы бес жылдағы рекордтық жалпы салықтық жинақ пен төлемдердің көлемімен салыстырғанда олар биылғы жылы 3,3 есеге (2,05 трлн.теңгеден  0,61 трлн.теңгеге дейін) қысқарғанын атап кету керек. Сонымен бірге, 2015 жылы басталған  айтарлықтай қаржылық түсімнің қосылуы әлемдік нарықта мұнай бағасының, мұнай өндірудің және оның экпортының түсуі коллапстың тікелей көрсеткіші болып табылады. Қашаған кен орны коммерциялық өндіруді енгізгенге дейін (өндірісті қайта іске қосу 2016 жылдың соңына қарай күтілуде) әлемдік нарықта және отандық мұнай-газ кешенінде оң динамика болжамының болмауы Ұлттық қорға салықтар мен төлемдердің түсуін осылайша қалуына себеп болады.

Қазақстанның көптеген өңірлерінің  осы жылдың қаңтар-шілде айларында Ұлттық қорға аударған салықтары мен төлемдерінің былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеуі шикізат секторындағы қолайсыз жағдайға байланысты. Негізінен, күрт төмендеу негізгі мұнай өндіруші облыстар - бойынша байқалады. Атап айтсақ, Атырау облысы – 543,38 млрд. теңгеден 348,2 млрд. теңгеге дейін (1,6 есе), Батыс Қазақстан облысы- 160,83 млрд. теңгеден 85,13 млрд. теңгеге дейін (1,9 есе), Маңғыстау облысы- 112,65 млрд. теңгеден 94,08 млрд. теңгеге дейін ( 1,2 есе), Қызылорда облысында- 95,37 мллрд. теңгеден 35,11 млрд. теңгеге дейін ( 2,7 есе).

Саян Абаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу