Ұлттық құрама Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу өткізді

273

Астанада ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны басталды.

Ұлттық құрама Талғат Байсуфиновтың жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу өткізді

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен алдағы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы ойындарға дайындықты бастады.

Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған футболшылардың жалпы саны 38. Әзірге команда толық құрамда жинала қойған жоқ. Негізгі құрам 6 қазанда бас қосады. Сондықтан алғашқы күндері жаттығу процесіне жастар құрамасынан бірқатар ойыншылар уақытша тартылды. Футболшылардың нақты тізімі 5–6 қазан күндері белгілі болады.

Естерңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдайды. Ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу