Ұлттық құрама тең түсті

3357

Еуро 2020 додасының іріктеу турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Кипр құрамасымен тең ойнады.

Ұлттық құрама тең түсті

Ойынның небәрі 2-минутында шабуылшы Алексей Щеткин есеп ашты. Бауыржан Исламхан берген тамаша пастан соң, Ғафұржан Сүйімбаев айып алаңының бел ортасына пас асырды. Бір ғана жанасумен Щеткин қарсылас қақпасына допты сүңгітіп жіберді.

Ортадағы ойында өз тізгінінде ұстап, қарсыластың адымын аштырмаған отандастарымыз, тайм соңына қарай қорғанысқа көңіл бөле бастады. Екі қорғаушымыз Темірлан Ерланов пен Ян Вороговскийді алдап өткен кипрлік ойыншы әріптесіне пас асырып еді, шабуылшы Сотириу бос қақпамызға гол салды. Есеп 1:1.

Екінші таймда алаң иелері басымдылық көрсетіп, түрлі шабуылдар жасағанымен отандастарымыз тең есепті сақтап қалды. Құрама командамыздың еншісінде енді 7 ұпай. Әзірге турнирлік кестеде үшінші сатыда тұрмыз. Ендігі ойынын еліміздің бас командасы 9-қыркүйек күні Ресейге қарсы өткізеді.

Кипр - Қазақстан - 1:1

Голдар: Пиерос Сотириу 39 - Алексей Щеткин 2

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу