Қазақстан Фарер аралдарымен кездеседі

130

Санаулы күндерден соң футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астана-Аренада Бельгияны қабылдап, 3 күннен соң Хорватияда 

Қазақстан Фарер аралдарымен кездеседі Фото: kff.kz

18 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдары командасымен жолдастық ойында кездеседі.

Кездесу бейтарап алаңда, Хорватияның Пула қаласындағы "Алдо Дросина" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін биылғы соңғы матч болмақ. Ол 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 15 қарашада Бельгия құрамасына қарсы үйдегі ойыннан 3 күннен кейін өтеді.

Алдағы матч Қазақстан мен Фарер аралдары құрамалары арасындағы төртінші ресми кездесу болмақ. Бұған дейінгі 3 ойында Қазақстан құрамасы 1 рет жеңіске жетіп, 1 рет тең ойнап, 1 мәрте жеңілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу