Ұлттық құраманы баптайтын бас бапкердің есімі белгілі болды

99

Жаңа маусымда ұлттық құраманың тізгіні Талғат Байсуфиновке ресми түрде тапсырылмақ. 

Ұлттық құраманы баптайтын бас бапкердің есімі белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясының басшылығы Талғат Байсуфиновты командаға тұрақты бас бапкер ретінде тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұған дейін уақытша бас бапкер қызметін атқарған маман енді ұлттық команданы толыққанды басқаруға кіріседі. Келісімшарттың рәсімделуі алдағы күндерге жоспарланып отыр.

Байсуфиновтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы қазан айында екі матч өткізіп, төрт ұпай жинады. Ал, қараша айында Астанада өткен кездесуде ұлттық құрама Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті. Бұдан кейін команда Фарер аралдарына қарсы Хорватияның Пула қаласында бейресми жолдастық матч өткізіп, аталмыш ойында жеңіліс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу