Ұлттық олимпиада комитеті басқару органдарын сайлау тәртібі

797

Биыл ҚР ҰОК кезектен тыс Бас Ассамблеясы 26 ақпанда өтеді.  

Ұлттық олимпиада комитеті басқару органдарын сайлау тәртібі Фото: olympic.kz

Қазақстан Республикасы ҰОК басқару жүйесі Қазақстан Республикасы ҰОК Жарғысына қатаң сәйкес сайлану және алқа қағидаттары негізінде жұмыс істейді.

Оның ережелері Олимпиадалық Хартия ережелері мен ХОК этикалық кодексі аясында Халықаралық Олимпиада комитеті белгілеген талаптарға сәйкес алдын ала бекітілген. Қазақстан Республикасы ҰОК басқару органдары немесе лауазымды тұлғалардың ешқайсысы лауазымды тұлғаның жеке шешімімен тағайындалмайды.

Қазақстан Республикасы ҰОК-тің басқару органдары – Жалпы жиналыс, Атқару комитеті, Тексеру комиссиясы, Спортшылар комиссиясы. Қазақстан Республикасы ҰОК барлық басқару органдары және оның лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасы ҰОК мүшелері – олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерациялары алқалы түрде сайлайды.

Барлық басқару органдарының өкілеттік мерзімі - 4 жыл. Басқару органдарының барлық мүшелері мен лауазымды адамдар өз қызметін ерікті түрде жүзеге асырады, еңбекақы және басқа да сыйақы төленбейді.

Сайлау тәуелсіз сайлау комиссиясының басшылығымен жасырын дауыс беру арқылы өтеді, оны да Қазақстан Республикасы Ұлттық сайлау комиссиясының мүшелері сайлайды.

Басқару органдарына немесе лауазымды тұлғаға (орынға) сайлауға барлық үміткерді тек қана Қазақстан Республикасы ҰОК мүшелері ұсынады.

Олимпиадалық хартия мен ХОК этикалық кодексін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының ҰОК сайлау процесі басталған сәттен бастап ХОК-қа жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы хабарлайды.

Сайлау процесі аяқталғаннан кейін ХОК-қа сайлау нәтижелері мен атқарылған іс-шаралар туралы есеп жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу