"Қордайға орыс мектебінің қажеті не?"

4574

Ауыт Мұқибек қазағы қалың өңірлердегі аралас тілді мектептердің мәселесін көтерді.

"Қордайға орыс мектебінің қажеті не?"

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Ұлттық ынтымақ пен ықпалдастық аясындағы Абай тағлымы" атты дөңгелек үстелде Қордайдағы орыс мектептердің мәселесі көтерілді. 

"Тіл қатынас құралы ғана деген түсінік кеңес заманынан таңылып келді. Олай емес, тіл – ол ұлт. Қордайдағы жағдайға байланысты Қазақстан халқының ассамблеясын сынаушылар көп. Мен сынамас едім. Бұл да бір ізденудің жолы. Ұлтаралық қатынасты ұстаудың жаңа бір жолдарын іздеу керек деп ойлаймын. Ассамблеяның тәжірибесін қорытынлай отырып, осы мәселені қолға алатын кез жетті. Оның тағы бір керемет жолы – мектептердің беделін көтеру. Мысалы, кешегі Қордайда орыс ұлтының өкілдері жоққа тән. Бірақ 4 орыс мектебі бар екен.Осының не қажеті бар? Ал халқының 95%-ын қазақтар құрайтын Қызылорда облысында аралас және орыс мектептердің қанша қажеті бар? Оның бәрі қазақ мектеп болуы керек. Қазақстанда бір ғана мектеп бар, ол – қазақ мектебі. Біз мұны бірден іске асырмасақ та, біртіндеп қолға алуымыз керек", – деген қоғам қайраткері Қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.

"Тағы бір мәселе бар. Бізде қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер бар. "Дүнген бірлестігі", "Ұйғыр мәдениет орталығы" деп этностардың атына құрып алған. Осы ұйымдардың атын жоғалтуымыз керек", – деді Ұлттық кеңес мүшесі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу