Ол Франция президенті Эмманюэль Макронмен және НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен жеке хабарламалар мәтінін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Досым, біз Сирия бойынша бір ұстанымдамыз. Біз Иранға қатысты ұлы өзгерістер жасай аламыз. Гренландияға қатысты не істеп жатқаныңды білмеймін. Ұлы істерді бірге жасауға тырысайық, – делінген Макронның хабарламасында.
Хабарда француз көшбасшысы Трампқа Давос экономикалық форумынан соң Парижде G7 кездесуін ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқан.
– Мен украиналықтарды, сириялықтарды және ресейліктерді шақыра аламын. Бейсенбі күні Парижде бірге кешкі ас ішейік, сен АҚШ-қа қайтып бармас бұрын, – делінген жарияланған хабарламада.
DW Франция осыған дейін АҚШ-тың Газа секторындағы Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен шешуге арналған Трамптың жоспарын жүзеге асыруды бақылауы тиіс "Бейбітшілік кеңесіне" қосылу туралы ұсынысын қабылдамағанын жазады.
Осыдан кейін Трамп француз шарабы мен шампанына 200 пайыздық тариф енгізетінін айтып бір қорқытып алды.
Америка көшбасшысы НАТО Бас хатшысымен жеке хат алмасуын да жариялап жіберді. Онда Марк Рюттенің Гренландия мәселесін қозғағаны анық байқалады.
– Сіздің бүгін Сирияда қол жеткізген жетістіктеріңіз таңғажайып. Мен Давостағы БАҚ-тағы сөзімді сіздің сол жердегі, Газадағы және Украинадағы жұмысыңызды көрсету үшін пайдаланамын. Мен Гренландия мәселесінің шешімін табуға бел будым. Сізбен кездесуді асыға күтемін, – делінген Рюттемен хат алмасуда.
Бұған дейін Трамп Truth Social сайтында НАТО Бас хатшысымен Гренландияға қатысты телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеген еді.
– Мен Швейцарияның Давос қаласында әртүрлі тараптардың кездесуіне келістім. Мен барлығына анық айтқанымдай, Гренландия ұлттық және жаһандық қауіпсіздік үшін өте маңызды. Артқа шегіну жоқ, бәрі бұған келіседі! Америка Құрама Штаттары – планетадағы ең қуатты ел. Бұл менің бірінші президенттік мерзімімдегі әскери күштерімізді қайта құруымызға байланысты. Біз әлемдік бейбітшілікті қамтамасыз ете алатын жалғыз күшпіз және бұл өте қарапайым түрде күш қолдану арқылы жүзеге асады! – деп жазады Ақ үй басшысы.
Марк Рютте де, Эмманюэль Макрон да әлі күнге дейін электрондық пошталарға ресми түрде түсінік бермеді.