"Ұлытау" Қазақстан футболы тарихындағы алғашқы жапон ойыншысын қатарға қосты

264

Қазақстан Премьер-Лигасының дебютанты "Ұлытау" клубы жаңа маусымға ерекше трансфер жасады.

"Ұлытау" Қазақстан футболы тарихындағы алғашқы жапон ойыншысын қатарға қосты Фото: sportarena.kz

Команда сапына 24 жастағы жапон жартылай қорғаушысы Котару Киси қосылды.

Ол ҚПЛ тарихында ойнайтын алғашқы жапон футболшысы. Киси маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойып, 7-ші нөмірлі жейде киетін болды.

Бұған дейін ол Черногория чемпионатында өнер көрсетіп, "Морнар" (Бар) клубында 44 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt мәліметінше, футболшының қазіргі нарықтық құны шамамен 100 мың еуроны құрайды.

Футболшының айтуынша, оны Қазақстанға келуге жапон ойыншыларының бұл елде әлі ойнамағаны қызықтырған.

– Мені Қазақстанда жапон футболшылары болмауы қызықтырды. Мұнда ойнасам, келесі деңгейге көтерілемін деп ойлаймын. "Ұлытау" клубы маған қызығушылық танытып, нақты ұсыныс жасады. Бұл шешімге келуге сол себепті бел будым, – деді Котару Киси сұхбатында.

Бұл трансфер – тек "Ұлытау" клубы үшін ғана емес, жалпы ҚПЛ үшін маңызды жаңалық. Азия нарығына бет бұру – Қазақстан футболының жаңа мүмкіндіктерге ұмтылысының белгісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу