Үміт Шаяхметова: өз жинақ ақшаларыңыздың 30%-ын теңгеде, 70%-ын долларда сақтау керек

8910

"Халық банк" неліктен БЖЗҚ ақшасынан бас тартты, Қазақстанда "жаман" несиелердің өсімі бола ма- осы жайында "Идоятова. Трендтер" бағдарламасында "Қазақстанның Халық банкі"  АҚ-ның басшысы Үміт Шаяхметова әңгімеледі.

Үміт Шаяхметова: өз жинақ ақшаларыңыздың 30%-ын теңгеде, 70%-ын долларда сақтау керек

 - Үміт Болатханқызы,  2016 жылдың бірінші тоқсаны бойынша банк қызметінің нәтижелері қандай?Мақтануға тұрарлық нәрселер бар ма?

-  Егер қаржылық нәтижелер бойынша айтатын болсақ, әзірге мақтанарлықтай ештеңе жоқ.  Себебі, "Халық банктің" пайдасы, өкінішке орай, түсіп кетті. Егер біз оны былтырғы жылғы нәтижелермен салыстыратын болсақ, онда ол 35 %-ға түсіп, 18,3 млрд. теңгені құрады. Бұл біз үшін соңғы бес жылдағы таза пайда бойынша ең төменгі санның бірі. Әрине, ол соңғы жылдарда және осы жылдың бірінші тоқсанында болған үрдістердің нәтижесінде болып отыр. Бұл, біріншіден, теңге курсының құбылмалығынан, содан кейін былтырғы жыл бойына болған дедолларизация нәтижесінде біздің депозит салушыларымыз теңгеден долларға ауысқанынан және ең жаман кезең-пайыздық мөлшерлемелердің құбылмалығынан болып отыр.  Өткен жылдың желтоқсанында мөлшерлемелер 600%-ға жеткен болса, ал қаңтар айында олар 80%-ға түсіп кеткен. Мұндай қымбат ақшаларды "Халық банк" күнделікті 80-100 млрд. теңге сомасына төлемдер жасау үшін тартқан болатын. Сондықтан да осындай жоғары теңгелік мөлшерлемелер шеңберінде біз, банк ретінде, бұрынғыдай белсенді несиелеу жасай алмадық. Біздің  несиелеу қоржынымызда 80 млрд. теңге көлемінде түсу болды. Бұл пайыздық табыстардың түсімінде және пайыздық шығындардың өсімінде көрінді және бұл, әрине, банктің таза пайыздық табысында, яғни таза пайдасында көрінді.

-  Менің білуімше, сіздердің "еншілестеріңіз" Altyn Bank , күтпеген пайда өсімінің көрсеткішін көрсетіп отыр.

- Altyn bank  өткен жылға теңдесі жоқ табысты көрсете білді.  2015 жылы оның бюджеті 1,5 млрд теңгені құрады, бірақ банк 6,5 млрд теңге таза пайда әкелді, яғни, біздің күткенімізден бес есеге асып кетті. Активтерді өсіруде де өсу білінді, банктің несиелік қоржыны бойынша өсім, қазынашылық операциялары бойынша жақсы табыс болды. Жалпы, біз HSBC банкті Халық банктің тобымен сатып алынғаннан кейін шамалы жылыстау болатын шығар деп күткенбіз, алайда, керісінше, мүлдем басқа беталыс байқалды. Банк өзінің негізгі ата-анасы ретіндегі банктің деңгейінде рейтинг алды, осылайша, ақшаларды, депозиттерді орналастыруға және ұлттық компаниялар тарапынан да орналастыруға мүмкіндік алды. Біз саудалық бизнес-шығарылым кепілі және аккредиттері сақталып қалғанын, өйткені рейтингтің жоғары екенін көріп отырмыз. Біздің күткенімізге, керісінше,басқаша беталыс- клиенттік базаның ағылып келуі және Altyn bank –тің жақсы көрсеткіші болды. Сонымен қатар, қаржылық нәтижелермен  қоса, біз, сандық банкинг сияқты,  жаңа өнімнің тұсауын кесіп, анонстадық. Бұл ""Халық банк" тобындағы  FinTech, біздің технологияларды дамыту бойынша артықшылығымыз. Altyn bank  өз өнімдерін сандық банкинг арқылы жібере бастады. Біз осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырудамыз.

-  Altyn Bank -  бұл ,көбінесе, корпоротивтік секторда жұмыс істейтін банк екені белгілі.

- Ия, алайда, Altyn Bank-те сонымен қатар, private banking үлесі бар. Банкке  HSBC-тен артықшылықты бөлшек саудалы шағын бизнес  және ОШБ қалған еді. Бізде бөлшек саудалы бизнесті дамыту міндеті де тұр. Біз оны бөлімшелердің ашылуымен дамытқымыз келіп отырған жоқ, керісінше, онлайн –технологиялар арқылы  интернет-қызметке , онлайн- қызметке, мобильді құрылғыларға қол жеткізумен дамытқымыз келеді. 

-  Яғни, бұл соңғы жарты жылда Герман Греф ("Сбербанка России"  президенті және басқарма төрағасы) айтып жүрген нәрсе ғой. Банк жүйесінде сандық технологияларға көшу керек па?

-  Барлық банктік индустрия технологияның даму тарапына жылжуда. Бұл жаңалық емес, бұл соңғы жылдардың беталысы. Ал Герман Грефтың  "Сбербанк" бойынша нақты айтып отырғандары, олар бастапқыда басқа технологияларды дамыту бойынша жұмыс істеді, қазір блокчейн туралы айтуда, мұның бәрі жақсы, алайда, шындығында, банк – бұл тек төлемдерге ғана негізделмейтін құрылым. Ең бірінші кезекте, бұл несиелік тәуекелдер. Банк депозиттердің сенімділігі мен сақталуын, аздаған тәуекелмен несиелер беруді қамтамасыз етеді. Ия, төлемдер – бұл өте маңызды. Бүгінде біз дәл осы төлемдерден үлкен бәсекелестікті тек қана банктік сектор тарапынан ғана емес, сонымен бірге жаңа компаниялар  Apple Pay және Google Pay, сол сияқты Alibaba мобилді операторлар тарапынан көреміз. Ал банктің басты рөлі- бұл ақшаны алу, оларды сақтау, беру және несиелендіру.  Герман Греф айтқандай, күніне 10 мың өзгертулер керек болса, ол мен үшін өнімдер мен сервистерде  10 мың өзгертулер керек деген сөз. Бұл мүмкін емес. Егер біз несиенің пайыздық мөлшерлемесі туралы айтсақ, онда ол басқа, ал егер нақты сервисті өзгерту туралы болса, онда бұл  мүмкін емес. Сол себепті, бұл жерде, менің ойымша, бұл жерде шамалы  түсінбеушілік бар. Ал, жалпы, банктік индустрия технологиялардың даму тарапына келе жатыр.

-  Біз ШОБ-ты несиелендіру тақырыбын қозғадық.  Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2016 жылдың бірінші тоқсанында экономика секторы арасында несиелендіру бойынша бірінші орынды ақпарат және байланыс, содан соң құрылыс салу және өнеркәсіп алып тұр. Сіздер қазір кімдерге көп несие берудесіздер?

-  Бірінші тоқсанда мүлдем несие берген жоқпыз. Өте іріктелімді форматта бөлшектік бағытқа несие бердік. Корпоротивтік сектор жайында айтатын болсақ, валюталық тәуекел өте жоғары,  сондықтан біз өте лимитті, бірақ долларлық несиені доллармен түсімге ие салаларға бердік. ШОБ (мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несиелендіруден басқа)  несиелендіру тоқтатылды десе де болады, өйткені басқа ақшалар болған жоқ. БЖЗҚ және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының да ақшасы болған жоқ. Алдыңғы желілердің төленуінен түскен ақшалар ғана болды, олардан жаңа транш беруге болатын еді. Сол себепті несиелендіру болған жоқ деуге болады. Егер экономикадағы беталыс туралы айтатын болсақ, сіз айтқандай, байланыс туралы, онда біз Kcell, "Казахтелеком" сияқты компанияларды несиелендіруге қатысамыз, сонымен қатар, көлік, темір жол сияқты бағыттарға несие береміз. Қазір мұнай-газ секторы аз дәрежеде несиелендіріледі, себебі оларда өндірістік қысқарту жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығын, сауда-саттықты қаржыландыруға сұраныс бар. Сауда- саттық бізде әрқашан несиелендірудің негізгі және үлкен үлесі болатын. Сонымен қоса, өнеркәсіпті қайта өңдеушілер үлесі де бар.

 - "Халық банк" БЖЗҚ ақшасынан бас тартты. Келешекте зейнетақы қаражатысыз–ақ шығуға болады деп есептейсіз бе?

-  Сіз білесіз бе, мен мемлекеттік ақшасыз- ақ өмір сүруге болатын уақытқа келгенімізді толықтай қолдаймын. 2009-2011жылдардағы  бағдарлама іске қосылып, Ұлттық қордың ақшасы экономикаға енгенде, Қазақстанның экономикасын күйреуден құтқарып, сөйтіп біз дағдарыстан шыққан болатынбыз. Бұл өте тиімді және пайдалы болған еді. Сол кезде оң беталыс болып, бір кезеңдік құнсыздану болған кезде мұнай және басқа да энергоресурстар бағасы біршама уақыт қана төменгі деңгейде тұрып, содан кейін бірден мұнайдың бағасының көтерілуіне әкелген болатын. Ал қазір, барлығы айтып жүргендей, басқа жаңа шындық туды және бізге мұнай бағасының төмен және орташа деңгейде сақталуы ұзақ мерзімге екендігіне бейімделу қажет. Осы орайдағы, менің ойым, Ұлттық қор ақшасын пайдалану жағдайынан шығу керек. Мемлекеттің ақшасын тиімдірек пайдалану қажет, яғни қандай да болмасын мемлекеттік бағдарламаларды қарастырып, қандай салаға ақшаны салу немесе салмау керек, қандай басымдықтар бар  соны қарастырған жөн. Мүмкін, бұл, бірінші кезекте, инфрақұрылым болар. Мен бұрында да сауданы субсидиялауға қарсы болатынмын, қазір де сауда маржиналды бизнес, ол үшін аз ақша қажет деп есептеймін. Бұндай ақшалар банктерде бар, оларды инвестициялауға және қайта инвестициялауға болады. Сондықтан да, мен  БЖЗҚ ақшасы туралы айтқанда, мемлекет барлығын иелігіне алған кезде зейнетақы жүйесі де қазір  толығымен мемлекеттікі екендігін, мүдделердің жанжалы барын да түсінемін. Не маңыздырақ, біздің салымшыларымызға, болашақ зейнеткерлерге, жақсы қайтарым берген бе, әлде олардың есебінен қазір бизнесті несиелендіру мен экономиканы көтеру ма? Менің ойымша, бұл мәселеде өте абай болған дұрыс. Егер біз нақты құрбандыққа (  болашақ зейнеткерлер табысы) дайын болсақ, онда ол табыс экономикаға салғаннан көп тиімділік әкелуі керек. Сол болашақ зейнеткерлер келешекте жанама экономикалық әсерді алады, әлеуметтік жағдайды бүгін бізде экономикалық өсу болатындығымен жақсартатын болсақ, біз онда тура сол, жұмыс орындарын құратын, ІЖӨ өсуін әкелетін, экономикалық секторларға қаражат саламыз. Егер олардың ақшасын алып, қысқа мерзімді әсерлерге салатын болсақ, онда барлығы жоғалтулар көреді. Мен БЖЗҚ ақшалары өте сезімтал деп есептеймін, олар дұрыс жұмсалуы және басқарылуы керек деп есептеймін. Біріншіден, жұмсалу салымшылардың мүддесіне болуы қажет. Егер біз оларды қолданатын болсақ, қалай және қандай жобаларға салуымыз керек? ОШБ-ны қолдауға бөлінген нақты 10 млрд. теңге туралы айтсақ,  БЖЗҚ табыстылығы мақсатында бізге ақшаны жоғары мөлшерлеме -14% бойынша ұсынды, сол себепті біз одан бас тарттық. "Халық банк" үшін бұл қымбат. Сонымен бірге, тағы маржа да болуы керек. Яғни, клиентке несиені 18-19 пайызбен беру қажет, ал бұл клиенттерге тиімсіз болуы мүмкін. Өйткені, бұл өте жоғары мөлшерлеме. Қазір бизнес мұндай маржаға ие емес. Сәйкесінше, клиенттер бас тартуда. Сол себепті, біз бұл ақшадан бүгінгі күні бас тарттық.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын берген бір сұхбатыңызда банкте жұмыс істеген кезде несиені қайтаруда ең жауапты және  жауапсыз өңірдің көрінісін көруге болады деген едіңіз. Сол кезде сіз, мысалға Қырғызстандағы  сіздердің "еншілестеріңіз" несиені өте тиімді қайтаратынын айтқан едіңіз. Ал қазір жағдай өзгерді ме?

-  Біздің үш еншілес банкіміз бар. Олар Ресейде, Қырғызстанда және Грузияда. Мен грузиндік "еншілесті" ерекше атағым келеді. Грузияға келген кезде олардың дастарқанындағы тағамынан бастап, барлық азық-түлік өздерінікі екенін көруге болады. Бұл халықтың ділдік көрсеткіші мен кәсіпкерлік рухын көрсетеді. Біз ол жақта несиелендіру жасаймыз және өте жақсы жұмыс істейміз. Бізде өте жаман жұмыс істейтін ресейлік "еншілес" банк. Өкінішке орай, ол жақта "жаман" несие деңгейі жетерлік. Көптеген экономикалық сәттер: санкциялар, соттардың сыбайластықтары да болды. Ол жақта жұмыс істеу күрделірек. Егер біз Қазақстанның өңірлері туралы айтатын болсақ, онда мен ОҚО-ның кәсіпкерлік деңгейінің жоғарылығын атап айтар едім. Ол жақтағы адамдар өте белсенді, әркім өз бизнесін ашқысы келеді. Төменгі дәрежедегі- бұл Шығыс Қазақстан, айтарлықтай, депрессивті өңір. Ол жақта үлкен өндірістік кешендер жоқ және климаттық жағдайы да күрделі, дегенмен жеңіл өнеркәсіп, мал шаруашылығында әлеуеті бар.

-  Екі әлемдік рейтингтік агенттік Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін "жаман" несиелердің үлесі қазіргі 8,3%-дан 13%-қа өсетінін айтты. Сіздің бұл туралы пікіріңіз қандай?

-  Менің ойымша, сандар жоғары болуы мүмкін. Өйткені, 2015 жылы қалыптасқан санның өте объективті еместігі  10%-ды  көрсетеді. Әрине, бұл жердегі мәселе, кейбір банктердің есеп пен есептеме,  кепілді бағалау мәселесі, сондықтан да субъективті көрініс болуы да мүмкін. Ал , жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша "жаман" несиелердің өсуі болады деп ойлаймын.  Біз бұны бірінші тоқсан нәтижесі бойынша көріп отырмыз, біздің несие алушыларымыздың, заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалар болсын төлем жасау қабілетінің төмендеуі байқалды, сатылым төмендеп, пайда азайды. Біз дағдарысты бірінші рет өткеріп отырған жоқпыз, сондықтан бизнестің проблемасы қаншалықты маңызды екенін байқаймыз, егер бұл уақытша болса, қайта құрылымдауды қолданып, жеңілдетілген кесте, мөлшерлемені төмендету сияқты жолдарды клиентпен бірге қарастырамыз. Ал егер бұл, тіпті, соншалықты төмендеу болып, компанияны ешқандай қандай да болмасын жақсартулар құтқара алмайтын қиын жағдай болса, онда біз кепілді іске асыру, яғни батыл шаралар қолданамыз.Бірақ, барлығы жекелей жүргізіледі.

-  Банк коллекторлық компаниялармен жұмыс істейді, қандай да болмасын несиелерді сатасыздар ма?

-   Ия, біз бірнеше коллекторлық компаниялармен жұмыс істейміз. Біз сатпаймыз, біз басқармаға клиентті қайтару үшін несиені береміз. Біздің "Бірінші канал" бойынша көріп жүрген жағдайымыз Қазақстанда болып жатқан жоқтығын атап айтып кеткім келеді. Біздегі заңнамалық база жоғары деңгейде және соттар сыбайлас емес. Оны Ресейдегі проблемалық несиені қайтаруға тырысқанымыздан және біздің Қазақстанда жасап жатқан өз тәжірбиемнен білемін. Бізде , негізінен, жүйе жұмыс істейді. Коллекторлар немесе банк сот арқылы наразылық-талап арызын қарастыру жұмысын жүргізгеннен кейін біз осы немесе басқа шешімге қол жеткіземіз.

-  Коллекторлардан қандай да болсын бір кепіл аласыздар ма?

-  Жоқ, біз оларға біздің қоржынды бермейміз, ол бәрібір банк балансында қалады. "Халық банк" осылайша істейді. Яғни, бұл цессия және беру емес. Біз ол несиенің тарихы қандай, ай сайын төлем жасалды ма, жоқ па, оның бәрін көріп отырамыз.

-  Ал коллекторлардың орташа маржасы қандай?

-  Орташа есеппен 20%. Бұл біздің несиені қайтарғаны үшін коллекторға төлейтініміз.

-  Менің білуімше, бүтін бір "еншілес"  құрылып, баланстағы барлық бар кепілдік мүлік соған берілген...

-   Бұл коллекторлар емес, "Халық банктің" жобасы. Бұл күйзеліс активтерін басқару жөніндегі компания. Мұнда кірістерді түрлендіретін активтер беріледі. Барлығы ашық, бұл "Халық банктің" 100% "еншілесі".  Ол есептіліктің жалпы балансына шоғырланады және соған профильді емес кірістерді түрлендіретін активтер беріледі.Және одан әрі олар несиені жабуға жіберіледі.

-  Сіздің ойыңызша, алдағы бес жылда қазақстандық банктер қалай өзгереді ? Қазір олар іріктеуден өтіп, тек мықтылары ғана қалады деп айтуға болады ма?

-  Бес жылдан кейін банк нарығы нығаяды деп есептеймін. Бұған капитал талаптарын арттыру бойынша заңнамалық база итермелеуде. Банктер үлкейеді. Біз бірнеше бірігулер мен қосылуларды көреміз, олар, әсіресе, шағын және орта банктер деңгейінде болады. Банктік технология дамитын болады.  Банкингтің исламдық бағыттарын да көруіміз мүмкін. Батыстық банктер келеді деп ойлаймын.

-  Егер исламдық бағыт жайында айтатын болсақ, "Халық банкі" әзір осыған ұқсақ желіні ашатын ойы бар ма?

-  Әзірге жоқ. Және заңнама бойынша банктің  жәй ғана департамент ашуға  құқығы жоқ. Бұл үшін жеке лицензия, жеке заңды тұлға қажет. Біздің ондай жоспарымыз жоқ.

-  Алдағы екі жылда экономиканың қай секторының келешегі бар деп ойлайсыз?

-  Қазір әйелдердің дамуы үшін үлкен потенциал бар  уақыт туындады деп ойлаймын. Бұған мұнай- газ, экспортқа бағдарланған индустрия, металмен байланысы жоқтың барлығы жатады. Бұл сервис, ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу. Мен жақында Гонконгте бір қызық кездесуде болдым, онда да дамудың перспективалық бағыты талқыланды. Әрине, Қытай  қазір азияттық сектор үшін тек үлкен  экономика ғана емес, сонымен бірге әлемдік көлемде трендке жол сілтеуші. Қытай -біздің көршіміз. Қазақстан үшін бұл жерде био азық -түліктерге потенциал бар деп есептеймін. Қытайда орташа деңгейдегі адамдардың өсуі байқалады, қытайлықтар сапалы азық- түліктер мен дәрі- дәрмекті, косметиканы, сервисті және т.б қолдана бастаған. Мен осының бәрін тыңдап отырғанда, мұның бәрін Қазақстан  бере алатынын ойладым. Агроөндірістік сектор, тоқыма, жеңіл өнеркәсіпті дамыту- біздің бағалай отырмаған саламыз дер едім. Қазір, әрине, біздің орасан зор жерлерімізбен не істеу керектігі , оларды жалға беру немесе сату жайында қозғалып жатқан әңгімелер көп. Мен өзім жердің сатылуына қарсымын, өйткені жер бұл саяси тауар. Бұған аса абай болған жөн. Жердің берері көп. Егер біз экономикаға қаржы құюдамыз десек, онда оларды био азық- түлік өндіруге салайық. Бізге Қытай үлкен нарық бол алар еді, олардың сұранысын тоқтату өте қиын. Егер біз тез арада қайта құрылсақ, онда керемет өнім бере алар едік.

- Яғни қазақстандықтарға үш-төрт пәтер сатып алу тәжірбиесін қойып, ақшаны өндіріске салу қажет дейсіз ғой?

- Ия.

-  Пәтер және ипотекалық несие, бұл маңызды сұрақ екеніні түсінемін. Көптеген адамдар өзінің пәтерінің болғанын армандайды. Бірақ нарық әзірге қолайлы жағдайды ұсынуға дайын емес. Сіз қалай ойлайсыз, перспективалар болады ма?

-  Мен, негізінен, бұл бағытта мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып кеткім келеді. Бұл тұрғын үйді жалға беру бойынша бағдарламалар, әкімдік тарапынан жасалып жатқан бағдарламалар. Сонымен қатар, "валюталық" несие алғандар үшін ипотеканы қайта қаржыландыру барысында да қаржы бөлінді. Біз  қазіргі уақытта оларды қайта қарап 3-4% -да берудеміз. Әрине, егер бізде  арзан 2-3%  ипотека беру мүмкіндігі болса, бұл барлығына мультипликативтік әсер беретін еді. Алайда, тағы да мұндай арзан ақшаны қайдан аламыз?  БЖЗҚ немесе Ұлттық қордан аламыз ба? Қазіргі құнсыздану деңгейі 10% жоғары уақытта бұл мүмкін емес.

-  Қазір депозиттерді валюта бойынша бөлу қалай?

-  Егер заңды тұлғалар бойынша айтатын болсақ, 55%-ы  валютада, ал  45%-ы теңгеде. Теңгелік депозитердің үлесі немесе заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттарындағы қалғандар 20%-ға өскен. Жеке тұлғалардың теңге тарапына салуы баяу жүруде, алайда, бізде жобамен  3-4% көлемінде теңгелік депозит бойынша өсім байқалады. Әрине, бұл ең бірінші, ақшалай-несиелік саясатпен байланысты. Адамдар теңгенің курсының төмендеуін күтуді қойды. Біз жобамен есептедік, егер бүгін депозитке ақшаны ағымдағы курспен 14% мөлшерлемемен салатын болсақ, онда бұл курс бір доллар үшін 400 теңгеге барғанға дейін тиімді болады. Ал мұндай курс жақын арада болмайтыны анық. Біз төменгі шекараны ( теңгенің курсы-автор.ескерт.) әзірге жібермей тұрмыз, теңгенің курсы төменнен өзін ұстап тұр, ал жоғарыдан ұстап тұрған жоқ. Мен тағы да мұның дұрыс екендігін айтып кеткім келеді. Құбылмалық әлі сақталуда және мұнай бағасының 50 долларға өскен қуанышы бізді шарпып кетпеуі қажет. Ең маңыздысы, біз реформадан бас тартпауымыз керек.

-  Halyk Finance аналитигінің айтуынша, оның есептеуі бойынша Ұлттық банк тарапынан валютаны сатып алу сәуір айындағы сауда- саттықта 30,1%-ын құраған. Ол бұны теңге жартылай жасырын түрде рубль курсына тәуелді дегенмен негіздейді. Сіз осы пікірді қолдайсыз ба?

-  Біз мұндай беталысты, әсіресе, ақпан, наурыз және сәуір айларында көрдік, мысалға айталық, кеше рубль тұрақталса, мұнай бағасы төмендесе де,келесі күні біздің теңге де тұрақталды. Біз рубльдің беталысы бойынша бір күн кеш жүріп отырдық. Дегенмен, бұл да біз үшін маңызды. Рубль мен теңге арасындағы тепе-теңдік біз үшін өте маңызды, өйткені былтырғы жылы рубль әлсіреп, теңге мықты болып тұрған кезде біздің кәсіпорындар бәсекегеқабілеттілігін жоғалтқан болатын. Сондықтан да бұл шамалы болса да ақтайды. Бүгінгі күні мұны мұнай бағасына байланып отырғанын көріп отырмын.

-  Сіз, банк басшысы ретінде, адамдарға өз табыстарын қалай бөлуі керектігі және жинақтарын мультивалюталық қоржынға, тым болмаса, пайыздық көрсеткіште қалай салу керектігі туралы кеңес бере аласыз ба?

-   Әдетте, барлығы тиімдісі 50-де 50 деп жауап береді.Алайда, мен 30%  теңгеде және 70% доллармен жинау керек дер едім.

"Идоятова. Тренды" телебағдарламасын осы жерде көре аласыздар