Онда Meta компаниясына балаларды жыныстық тұрғыдан қанауға "итермелейді" делінген ақылы жарнамаларды алып тастау талап етіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үндістанның NDTV жаңалықтар арнасының хабарлауынша, министрліктің аты-жөні аталмаған өкілі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған.
Министрлік Instagram әлеуметтік желісіндегі ақылы жарнамаларда балаларды қанауға қатысты мазмұнның пайда болуына қарсы. Сол себепті, Meta компаниясына хабарлама жіберген. Әрі олар 7 күн ішінде егжей-тегжейлі жауап беруді талап етіп отыр.
Meta өкілі BBC-ге берген пікірінде компанияның балаларды жыныстық қанауға және оларға қатысты зорлық-зомбылық материалдарын таратуға "мүлде төзбейтінін" айтты.
Компания өкілі контент пен жеке деректерге қатысты заңбұзушылықтар жасанды интеллектінің озық технологиялары арқылы анықталатынын ескертті. Сонымен қатар, Meta 3,5 миллиард пайдаланушының арасында жасырынған қылмыскерлермен күресіп жатқанын мәлім етті.
Үндістанда 2012 жылы қабылданған заңдарға сай, егер Meta бұл іске қатысты сұралған ақпаратқа жауап қатпаса, оған қарсы сот ісі басталуы ықтимал.
BBC жүргізген зерттеу барысында Instagram Үндістанда балаларды жыныстық қанауға "ынталандыратын" ақылы жарнамаларды жариялағаны анықталды.