Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Редакция тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтап білді.
"Жақын арада Үндістанның Парадип портында ұсталған MT UNITY кемесі экипажының құрамындағы қазақстандық теңізші кемеден шығып, қонақүйге орналастырылады деп күтілуде. Одан әрі ол Үндістан аумағынан кетеді. Қазақстандық дипломаттар азаматымызға консулдық қөмек көрсетуді жалғастырып жатыр", – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов.
Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бақылауында екені айтылды.
Айта кету керек, бұған дейін Үндістанның Орисса штатының Жоғарғы соты Парадип порты маңында қамауда тұрған Unity танкерінің экипаж мүшелерін елдеріне қайтаруды міндеттегенін жазған болатынбыз.