Үндістандағы зауытта улы газ тарап, 7 адам көз жұмды

270

Тергеу басталды.

Үндістандағы зауытта улы газ тарап, 7 адам көз жұмды Фото: yamal-media.ru

Үндістанда кәсіпорындағы аммиактың ауаға таралуы салдарынан 7 адам қаза тауып, 40-тан астам тұрғын зардап шекті. Бұл туралы The Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында орналасқан теңіз өнімдерін өңдейтін кәсіпорында тіркелді. Апат кезінде зауытта 120 адам болған. Улы газдың таралуынан ондаған жұмысшы улану және тыныс алудың қиындауы белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды. Төтенше жағдай орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу