Үш қазақстандық балуан күрестен U20 Азия чемпионатының финалына өтті

146

Таиландтың Паттайя қаласында еркін күрестен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасуда.

Үш қазақстандық балуан күрестен U20 Азия чемпионатының финалына өтті Фото: olympic.kz

Бүгін, 5 шілдеде, бес отандасымыз жарыс жолына шықты. Нәтижесінде үшеуі алтын медаль үшін сынға түссе, екеуі қола медаль үшін белдеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек жартылай финалда Алиасгара Солтаниді (Иран) жеңді. Енді ол ақтық сында үндістандық Пушппен күреседі. 74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков 1/2 финалда Адарш Патилден басым түсті. Енді финалда ирандық Мохаммад Мамивандпен кездеседі. Сондай-ақ 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали жартылай финалда Өзбекстан өкілі Улугбек Ортиковты түзе бүктірді. Осылайша ол финалда Довлетгельды Мурадовпен (Түрікменстан) күш сынасады.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев 1/2 финалда ирандық Аболфазл Хадживандқа жол берді. Енді ол Сахил Далалмен (Үндістан) қола жүлдеге таласады. 125 келіге дейінгі салмақта Риза Изахар жартылай финалда ирандық Аболфазл Мохаммаднежадқа есе жіберді. Осылайша ол қола жүлде үшін өтетін белдесуде Наратулга Дармаабазармен (Моңғолия) күреседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу