Үстел теннисі елімізде қарқынды дамып келеді

315

23 сәуірде әлем жұртшылығы дүниежүзілік үстел теннисі күнін атап өтеді.

Үстел теннисі елімізде қарқынды дамып келеді

Ең серпінді спорт түрімен әлем бойынша миллиондаған адам шұғылданады, ал Қазақстанда саны 200 мың адамнан асып жығылады. Бір ғасырлық тарихы бар үстел теннисі бүгінде олимпиадалық спорт түрі болып есептеледі. 

Қазақстанда үстел теннисі жоспарлы түрде дамып келе жатқан бұқаралық және қол жетімді спорт түрі. Республика бойынша ірі қалалардың барлығында үстел теннисі орталықтары ашылды. Өңірлерде материалдық-техникалық базаны нығайтудың арқасында үстел теннисімен шұғылданатындардың саны өсіп, облыс пен аудан деңгейіндегі жарыстардың саны артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу