Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнир өтіп жатыр.
15 жасқа дейінгілер арасындағы аралас жұптық сында Олег Яковлев пен Мария Лукьянова қола жүлдеге ие болды.
Турнир барысында отандық спортшылар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Малайзия өкілдерін жеңді. Ал жартылай финалда Үндістан құрамасына жол беріп, үшінші орынға ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу