Утиль алым ақшасы тағы бір мақсатта жұмсалатын болды

884

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Утиль алым ақшасы тағы бір мақсатта жұмсалатын болды Фото: canva

"Жоспарға сай 100 жаңа қоқыс полигонын салу көзделсе, қазір 52 полигон бойынша әкімдіктер жұмыс жүргізбей отыр. Оның ішінде Абай облысында 22 полигон бойынша, Ақмола облысында 4 полигон және Солтүстік Қазақстан облысында 8 полигонның құжаттама мерзімі өткен, ал түзету мүлдем жоспарда жоқ", – деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы жаңа қоқыс полигондары құрылысын қаржыландыру қаражат тапшылығына байланысты жүргізілмейтінін мәлім етті. 

"Осыған байланысты біздің министрлік утильтөлем есебінен қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтады. Бұл 11 өңірде құны 53 миллиард теңгені құрайтын 43 полигон салуға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді Экология министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу