Утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады

2757

Енді оны Үкімет қарайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Утиль алымына қарсы петиция 50 мың қол жинады Фото: sportishka.com

Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жинаған петиция Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарауына беріледі.

Осы кодекстің 90-5-бабы бойынша келіп түскен өтініш оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қаралады.

Петицияны қарау барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

Оған мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

Петицияда көтерілетін мәселелер осы комиссия шеңберінде, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу