V Азия Пара ойындары: Дастан Мұқашбеков күміс, Иван Зелезняк қола медаль жеңіп алды

174

Жерлестеріміз ерлер арасында F36 классында ядро итеру бойынша сынға түсті.

V Азия Пара ойындары: Дастан Мұқашбеков күміс, Иван Зелезняк қола медаль жеңіп алды Фото: Мейіржан Амангелдиев

Бүгін Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара жеңіл атлетикадан ерлер арасында F36 классында ядро итеру сайысы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар Дастан Мұқашбеков 15.47 метр нәтижесімен күміс медаль иеленсе, Иван Зелезняк 12.71 метр нәтижесімен қола жүлдеге қол жеткізді.

  • 1-орын: Бахтиёров Б. (Өзбекстан) – 15.98 м (Азия Пара ойындарының рекорды)
  •  2-орын: Дастан Мұқашбеков (Қазақстан) – 15.47 м
  •  3-орын: Иван Зелезняк (Қазақстан) – 12.71 м
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу