V Азия Пара ойындарында үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды

134

Аралас жұптық сында XD20 класы бойынша өткен жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Гонконг өкілдеріне есе жіберді.

V Азия Пара ойындарында үстел теннисінен Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы қола медаль жеңіп алды Фото: t.me/parateamkz

Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға 0:3 есебімен жеңілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кездесудің үш сеті 7:11, 4:11 және 8:11 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін топтық кезеңде Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы Индонезия құрамасын 3:1, Жапония командасын 3:2 есебімен жеңіп, Қытай құрамасына 1:3 есебімен есе жіберген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу